Page 34 - index
P. 34

бәрінен бұрын белгілі бір лексикалық бірліктердің қайталана
беруіне жол бермеуге ұмтылуымен байланысты; б) айтушы
мен жазушының ойды дәл жеткізуге тырысуымен байланысты
нақтылау қызметі; в) түрлі бейнелі бағалауды жеткізумен бай-
ланысты экспрессивті-стилистикалық қызметі [26,6]. Деген­
мен, сөйлеудегі синонимдердің ең басты қызметі – дәлдік
қызметі. Тіл синонимдердің осы қызметі үшін оларды жинақ­
тайды, синонимдік қатар мен парадигмасында олардың ара-
сында нәзік қатынас орнатады. Сөйлеудің мағыналық дәлдігі
мен экспрессивті-стилистикалық қырының дәлдігін ажыра-
та білу орынды. Бұл жағдайда синонимдердің нақтылау қыз­
меті (түсініктің белгілі бір реңкіне басымдық беретін) мен
сти­листикалық қызметі де негізгі болып табылады, ол тілдің
лексикалық синонимдерін сипаттайды және негіздейді. Атап
айтқанда, олар тілдің лексикалық жүйесіндегі мағыналары тепе-
тең және жақын сөздердің арасындағы қатынас пен ерекше бай-
ланысты белгілейді. Синонимдердің оларға тән белгілер ретінде
көрсетіліп жүрген барлық басқа қызметтері осы екеуінен туын-
дайды.

    Синонимдердің қызметтері сөйлеуде, оның ауызша және жаз-
баша формаларында, оның стильдерінде пайда болады. Әрбір
стиль өзіне ең тиімді синоним түрлерін жинақтаумен және сино-
нимдер қызметін өзінше жүзеге асыруымен ерекшеленеді. Тілдің
стильдік жүйесінің тұтастығы көп жағдайда әртүрлі стиль-
дер мен стильдің көптеген ішкі жанрлары мен формаларында,
синонимдік қатарлардың жылжымалы да бейімді құрылымы мен
оған кіретін элементтердің жалпылық қызметімен қамтамасыз
етіледі.

    Синонимдердің реңктік ерекшеліктері ойды әсерлі, көркем
жеткізуге мүмкіндік береді және қолданылу өрісін кеңейтеді.
Синонимдердің сөйлеу барысындағы қолданылу деңгейі біркелкі
емес. Сондықтан жазушылардың контекстік синонимдерді орын-
ды қолдана білуі, олардың мағыналық жақтан дамып, өзгеріп,
синонимдер қатарын қалыптастыруға ықпал етеді және сөздік
қорды байытып отырады.

           34

⇐ МАЗМҰНЫ
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39