Page 35 - index
P. 35

екінші бөлім
Функционалды стилистика

2.1 Функционалды стилистиканың жалпы мазмұны

    Функционалды стилистикадағы негізгі ұғым сөйлеудің функ-
ционалды стильдері болып табылады. Функционалды стильдер
өте күрделі типтердің жиынтығы, сондықтан оның белгісінің
толық санын айқындау қысқаша сипаттаманы талап етеді. Бұл
стильді сипаттау барысында ұғымды нақтылаудың жүйелі саты-
сын анықтап алу орынды болмақ. Функционалды стильдердің ең
жалпы да жеткілікті анықтамасын тілші-ғалым М. Н. Кожинадан
табамыз: «Функциональный стиль – это определенная социально
осознанная разновидность речи, соответствующая той или иной
сфере общественной деятельности и форме сознания, обладаю-
щая своеобразной стилистической окраской, создаваемой осо-
бенностями функционирования в этой области языковых средств
и специфической речевой организацией (структурой), имеющая
свои нормы отбора и сочетания языковых единиц, определяющи-
еся задачами общения в соответствующей сфере» [27, 13].

    Функционалды стилистика қоғамдық практикада коммуни­
кацияның адамзат әрекетінің білгілі бір саласындағы ерекше
міндеттері мен мақсатының негізінде пайда болды. Алайда,
ол лингвистикалық мәнге ие. Ол ойдың мәні мен сөйлеудің
мақсатына толық та дәл сәйкес келетін тілдік құралдардың қол­
данылуын қамтамасыз ететін әдеби тілдің әрекше ішкі жүйесін
қамтиды.

    Функционалды стильдерді жіктеу олардың екіжақтылық
табиғ­ атына сәйкес – экстралингвистикалық және лингвис­
тика­лық негізге сүйенеді. Кейбір лингвистер қоғамдық әре­
кеттің белгілі бір саласы мен түріне тән қатынас саласы, ком-
муникация мазмұнының типтік ерекшеліктері, қатынастың
мақс­ аты мен мәні, қоғамдық сананың формасы, ойлау типтері
сияқты тілден тыс факторлардың көлемді жиынтығын еске-

           35

⇐ МАЗМҰНЫ
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40