Page 36 - index
P. 36

ре отырып, эксрталингвистикалық негізді басты, айқындаушы
принцип деп есептейді. Кейбіреулері эксрталингвистикалық
не­гіздің маңыздылығын мойындай отырып, лингвистикалық
негіздерге: стилистикалық бояулы құралдарға, олардың бей-
тарап құралдармен қатынасына, тілдік бірліктердің және тұтас
стильдің ерекше функцияларына, типтік стильдік сипатына жә­
не т.б. басымдық беруге тырысады. Академик В. В. Виноградов
тілдің негізгі функцияларын (қатынас, хабарлау, әсер ету) ескере
отырып, алты функционалды стильді көрсетеді: «Тілдің қатынас,
хабарлау, әсер ету сияқты қоғамдық маңызды функцияларын
бөлу барысында төмендегідей стильдерді ажыратуға болады:
күнделікті-тұрмыстық (обиходно-бытовой) (қатынас функция-
сы); күнделікті-іскерлік (обиходно-деловой), ресми-құжаттық
(официально-документальный) және ғылыми (хабарлау функ-
циясы); публицистикалық және көркем-беллетристикалық (әсер
ету функциясы)» [6,6]. Бұл стильдердің барлығы да қатынас ба-
рысында екі формаға ие: жазбаша және ауызша. Сөйлеу форма-
сы стильдерге әсер еткенмен, олардың мәнін өзгерте алмайды.
Мысалы, ғылыми стиль – лекция, ғылыми баяндама, әңгімелесу
сияқты ауызша формаларында да ғылыми стиль ретінде қалады,
сонымен қатар бұл форма оған өз түзетулерін де енгізеді. Сөйлеу
стилі өзіне тән басымдықтары мен кемшіліктерін қамти оты-
рып ауызша формада жүзеге асырылатыны белгілі. Сондай-ақ,
ол жазбаша формада (тұрмыстық, бейресми хат алмасулар),
магнитофондық ленталарда немесе грамжазбаларда қолданылуы
мүмкін.

    Бұдан, стильдерді жіктеу барысында тілдің бір ғана маңыз­
ды функциясына сүйенудің, сондай-ақ басқа да лингвистика-­
лық және экстралингвистикалық көрсеткіштерді қамтымаудың
жеткіліксіздігін, тіл функциясының стильдің санынан аз екенін
көруге болады. Сонымен қатар белгілі бір стильде тілдің көр­
сетілген «қоғамдық маңызды функциясының» біреуінің ғана
қатысуы да сенімсіз. Әдетте әртүрлі деңгейде болса да, олардың
барлығы бірдей қатысады. Кез келген стильдің мәтіні бір нәр-
сені хабарлайды және белгілі бір деңгейде тыңдарман мен
оқырманға әсер етуге тырысады.

           36

⇐ МАЗМҰНЫ
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41