Page 37 - index
P. 37

Стилистика тілдік құралдардың қарым-қатынастың мақ­
сатына сәйкес орынды қолданылуын қарастырады. Ол тілдік
құ­ралдардың мағыналық және экспрессиялық қыры мен түрлі
мағыналық реңктерін қолдануға талдау жасайды, олардың беріл­
ген ойды дәл, анық та айқын жеткізуде қаншалықты дұрыс та
тиімді екенін анықтайды. Тілдік құбылыстардың қатынасын
бағалау стилистика пәніне өзгешелік сипат береді, оның негізгі
мақсаттарының бірі – синонимдік қатарлардың ішінен автор
ойын дәл жеткізуге қолайлы сөздерді тауып қолдануға көмектесу.

    Стилистика тілдік қатынастың (сөйлеу тілі) іске асуымен
және әдеби тіл мен оның нормаларымен тығыз байланысты. Бұл
екі проблеманы, тілдік қатынастың (сөйлеудің) өзгешелігін және
әдеби тіл мен оның нормасын анықтауды шешу – стилистика­
ның ғылыми пән ретінде қалыптасуына негіз болды. Стилисти-
каны лингвистикалық тұрғыдан мәнерлеп сөйлеу құралдары
және тілдің қолданылу заңдылығы деп екі түрге бөлуге бола-
ды. Мұндағы тілдің қолданылу заңдылығы орынды мақсатпен
пайдаланылған тілдік бірліктің пікір айтудағы мазмұнына,
мақсатына, жағдайына және қатынастың өрісіне байланысты
болады. Ондай типтік қатынастың өрісі ең алдымен – іскерлік,
ғылыми, көркем, публицистикалық, күнделікті болып бөлінеді.
Осыған сәйкес функционалды стильдер де ажыратылады. Олар
ең әуелі ауызекі сөйлеу стилі және кітаби-жазба стильдер
деп екі түрге жіктеледі. Кітаби-жазба стильдер мазмұны мен
қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: ғылыми стиль, ресми-
іскерлік стиль, публицистикалық стиль және көркем әдебиет
стилі. Кітаби-жазба стильдердің бұлайша бір-бірінен ажыраты-
лып, бөліне басталуы қоғамдық ой сананың жоғарылағанынан
болады. Бұл стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі
қолданылатындықтан, мұнда ғылым, заң жобалары, ісқағаздары,
ресми құжаттар мен басқа да осылар сияқты әлеуметтік қоғам-
дық маңызды мәселелер жан-жақты толық қамтылып, нақтылы,
дәл жазылуы тиіс, мұндай талап кітаби-жазба стильдердің
барлығына да қойылады. Бірақ ол стильдердің қатынастың қай
саласында жұмсалатыны, қандай қызмет атқаратыны қатал
ескеріліп, өздеріне тән сөз қолдану заңдылықтары сақталады.

           37

⇐ МАЗМҰНЫ
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42