Page 38 - index
P. 38

Мысалы, ісқағаздар мен ресми құжаттар белгілі бір қалыптасқан
үлгіде жазылса, ғылыми стильде арнайы терминдердің қол­
данылуы басым болады, ал публицистикада әлеуметтік-саяси
мәнді сөздердің жиі қолданылуы заңды құбылыс. Осындай ерек­
шеліктермен қатар, бұл стильдердің ортақ белгілері де бар. Ол,
әсіресе, ресми-іскерлік, ғылыми және публистикалық стильдер-
ден байқалады. Оларда тілдік құралдар тек әдеби нормаға сай
қолданылады.

    Ауызекі сөйлеу стилі қатынастың күнделікті тұрмыстық са-
ласында қолданылады. Мұнда әдеби нормаға жатпайтын сөздер-
дің қолданылуы аясы еркін болады. Сөйлеу тілі мен кітаби жазба
стильдер өзара тығыз байланыста болады.

    Функционалды стилистика қарым-қатынастың дәстүрлі
және әлеуметтік өріс саласына қатысты тілдік құралдарды, сұ­
рыптап қолдануды қарастырады. Әрбір стильдің мақсаты мен
қызметіне сәйкес өзіндік сөз қолдану тәсілдері мен сөз тіркестері
қалыптасады.

    Функционалды стиль – қоғамдық қызметінің белгілі бір қа­
тынас өрісіне сай келетін сөйлеу түрі. Оның міндетіне қаты­
настың мақсаты мен қызметіне, мазмұны және әлеуметтік
өрістегі түрлі жағдай ерекшеліктеріне қатысты тілдің стилис­
тикалық мүмкіндіктерін қолдануды оқыту кіреді. Ал зерттеу пәні
тілдің қолданылуы болып табылады.

    Қазақ әдеби тілінің функционалды стильдерінің құрылы­
сы, саны, сипаты және иерархиялық сатысы (қайсысы басым
болғаны) барлық дәуірде бірдей болмағаны анық.

    Қазақ жазба әдеби тілінің ұлттық кезеңіне дейін жартылай
ғылыми әдебиет стилі, ресми ісқағаздар стилі және эпистоляр­
лық (хат-хабарлар) стильдері болды. Жартылай ғылыми стиліне
жазба шежірелері мен мұсылманша діни әдебиеттер жатса, рес-
ми құжаттар стиліне әр алуан қағаздардың – өкіметтің басқа­
ру органдары тарапынан берілетін түрлі бұйрық-жарлықтар,
ережелердің тілі жатады. Эпистолярлық стильді хаттар немесе
біреуге арналып жіберілген жазбалар тілі танытады.

    Қазақ тілінің осы күнгі стильдік саралануының басы ХIХ
ғасырдың II жартысына тура келеді. Бұл тұста қазақ тілінде мер­

           38

⇐ МАЗМҰНЫ
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43