Page 39 - index
P. 39

зімді баспасөз пайда болды, соған орай әдебиеттің қоғамдық-
публицистикалық жанрының іргетасы қалана бастады. Бұл жанр
қазақша публицистикалық стильдің алғашқы үлгілерін туғызды.
ХIХ ғасырдың соңғы онжылдықтарынан бастап, қазақ тілінде
көпшілікке арналған жартылай ғылыми әдебиет жанры жандан-
ды. Көркем әдебиет стилінің проза жанры да осы тұста дами
түсті. Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен себепші
болды. ХХ ғасырдың басы – қазақ көркем әдебиет стилінің бір­
сыпыра күшейген, өз ішінен тарамдалған тұсы. Осы кезеңде про-
за, драматургия жанрларына сай белгілер пайда болып, әрі қарай
дамыды, стильдер жігі айқындала түсті.

    Әдетте функционалды стильдердің бес түрі көрсетілетіні
жоғарыда айтылды: ғылыми, ресми-іскерлік, публицистика­
лық, көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу стильдері. Олар да өз
ішінде сөйлеудің нақты міндеттері мен қатынас жағдайын­ ың
көрінісіне, функционалды-стилистикалық ерекшеліктердің же­
ке сипатының түріне (индивидтің сөйлеуі) байланысты түрлі
топ­тарға жіктеледі. Жекелеген сөйлеу немесе тұтас мағыналы
шығармалардың бір функционалды стильді таза, қатаң және
тұтас күйде көрсетуі міндетті емес.

    Сөйлеудің жалпы стилистикалық ерекшеліктері, ең әуелі,
қа­тынастың қай саласында: ғылыми, ресми, эстетикалық, құ­
қықтық, т.б. – қолданылуына байланысты қалыптасады. Белгілі
бір саладағы қатынастың міндеттері осы бағыттағы сөйлеудің
негізгі, іргелі ерекшеліктерін белгілейді. Мысалы, ғылыми қа­
тынас шегіндегі кез келген сөйлеу өз бойында ғылыми стильдің
қырларын қамтиды, оның функционалды-стилистикалық норма-
лары мен белгілеріне бейімделеді. Сондай-ақ, бұл сөйлеуде тұ­
тас алғанда осы функционалды стильге тән емес белгілердің де
болуы мүмкін. Сөйлеу стиліне коммуникацияның қандай екпін­
де (қалыпты хабарлау немесе қақпайлау) айтылуы оған арн­ айы
ерекшеліктер жамайды. Сөйлеудің стилистикалық бояулары
оның тақырыбынан, зерттеудің таңдалған ғылыми әдісінен, тал-
дау мен жинақтау дәрежесінен, сөйлеудің басым функционалды-
мағ­ ыналық типтері – хабарлау, талқылау, сипаттаудан да көрінеді.
Алайда ғылым саласындағы сөйлеу бәрібір ғылыми стильдің

           39

⇐ МАЗМҰНЫ
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44