Page 40 - index
P. 40

негізгі талаптарына сәйкес келеді, оның бойынан осы функци-
оналды стильдік басты өзіндік ерекшеліктері табылады, өйткені
ол терең стильдік қабатты, іргетасын құрайды.

    Сонымен, кез келген нақты сөйлеу белгілі бір функционал-
ды стильдің нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және сол
стильге тән екенін көрсетеді. Дегенмен, оның осы стильдік
қырларының көрінуімен шектелмеуі де мүмкін. Тіпті, барлық
«үстеме» белгілер негізгі белгілермен қарама-қайшы келмей,
бір тұтастықты құрауы мүмкін. Бұл сөйлеу бойында бірнеше
стильдік белгілердің болуына жетелейді. Демек, функционал-
ды стиль күрделі – «көпқабатты» және тармақты бола тұра, өз
тұтастығын да сақтай алады.

    Әрбір функционалды стильдің өзіндік белгілері болады, олар
тілдік бірліктердің белгілі бір түрлерінен және сол стильдің
өзіне тән жүйелік ерекшеліктерінен құралады. Алайда, ол ерек­
шеліктер көп емес және кейбір жақтарынан бірнеше стильге
ортақ та болып келеді. Функционалды стильдерге тән стильдік
белгілерге дұрыстық, дәлдік, бейнелілік, қисындылық, анықтық,
мәнерлілік, дерексіздік, көп мағыналылық, бір мағыналылық,
стандарттылық жатады. Бұлардың кейбірі қай стильге жататы-
нына қарамастан жалпы нормативтік сипатқа ие. Мысалы, кез
келген сөз дұрыс, анық, қисынды, дәл, белгілі дәрежеде мәнерлі
болуы тиіс. Бұлар – жалпы әдеби тіл нормасына қойылатын талап-
тар. Бірақ олардың кейбірінің мәні функционалды стильдердің
түрлеріне қатысты бірдей сипатта түсіндірілмейді, бір стильдегі
бір белгі екінші стильдегі сол белгіге сәйкес келмейді. Басқаша
айтқанда, әр стильдің өзінің дәлдігі, өзінің қисындылығы, өзінің
бейнелілігі бар, белгілі дәрежеде олар бір-біріне қарама-қарсы да
қойыла алады.

    Мысалы, көркем сөз стиліндегі дәлдікті ісқағаздарындағы
дәлдікпен бірдей деп қарауға болмайды. Көркем сөздегі дәлдік –
образды бейнелеудегі дәлдік, бұл тұста ол шеберлікпен астасып
жатады. Көркем шығармадағы сөз мазмұнын әр оқырман өзінше
түсініп жатуы қалыпты жағдай, тіпті, мұны сол сөздің көркем­-
дігі деуге болады. Ал, ісқағаздарындағы дәлдік – бұл сөздің
бәріне ортақ бір ғана мағынада жұмсалуы. Мысалы, заң мәтінінде

           40

⇐ МАЗМҰНЫ
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45