Page 41 - index
P. 41

сөзді өзге мағынада түсіну немесе түсіндіру адам тағдырын ше-
шуде зардабы ауыр жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол
сияқты ғылыми стильдің де өзіндік дәлдігі бар. Мысалы, белгілі
бір ғылыми теорияны әртүрлі көзқарастағы адамдар әртүрлі
түсіндіреді. Ғылымда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни
көзқараспен қабылдап, оны тәжірибе арқылы сынақтан өткізу,
содан кейін бұлтартпас қағида ретінде ұсыну қажет.

    Стильдік белгі ретіндегі қисындылықты да әртүрлі түсінуге
болады. Жалпы, қандай сөз болмасын қисынды болу керектігі
түсінікті, алайда көркем сөзде бұған қарама-қарсы келетін
жағдайлар да болуы мүмкін, мұндағы қисындылық тағы да
көркем бейнемен, оның сомдалуындағы қисындылықпен,
шеберлікпен байланысты. Ал, ғылыми шығарманың қисын­
дылығы бұлт­ артпас дәлелге, бірінен бірі туындап отыратын шын­
дыққа құрылатындықтан, ғылыми мәтіннің тілдік құрылымы
да соған сәйкес келетін лексикалық, синтаксистік бірліктерден
таңдалып, сұрыпталып алынады. Іс-қағаздарына келетін болсақ,
оның мазмұны талқылауға, дәлелдеуге емес, орындалуға тиіс
талап-тілектерге, міндеттілікке құрылатындықтан, ондағы қи­
сын­дылық та мазмұны жағынан болсын, бейнелеу тәсілдері
жағын­ ан болсын басқаша сипатта болады.

    Бейнелілік туралы да осыны айтуға болады. Көркем сөздің
бейнелілігі – эстетикалық сипаттағы, дараланған, ешқашан
қайталанбас нақты бейнелілік. Ғылым тіліндегі бейнелік пен
көркем әдебиеттегі бейнелілік табиғаты мен қызметі жағынан
екі түрлі. Ғылыми танымға бейнелілік о бастан тән, бейнелі
ойлау – ғылыми шығармашылықтың айнымас қасиеті. Алай-
да, көркем сөздегі бейнеліліктің ерекшелігі – ол типтенген,
жалпыланған, дерексізденген сипатқа ие. Қоғам мен табиғаттағы
жалпы заңдылықтарды ашатындықтан, ғылым тіліне нақты­
лық, жекелік, даралық сияқты белгілер тән емес, бұл – ғылыми
стильдің ерекшелігін құрайды. Әрине, әртүрлі ғылым салала-
ры өкілдерінің ішінде тілі даралық сипатқа ие, бейнелі, көркем
тілде жазатын ғалымдардың да болатынын айту керек. Ол
ғалымдардың өздерінің мүмкіндіктеріне байланысты.

           41

⇐ МАЗМҰНЫ
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46