Page 42 - index
P. 42

Әдетте, функционалды стильдер жоғарыдағы белгілердің
бірінде бар, бірінде жоқ болуымен, олардың бір-біріне қарама-
қайшы қойылуымен сипатталады, соған орай бір-бірінен
ерекшеленеді. Сонымен қатар, функционалды стильдердің
ерек­шеліктері стильдік белгілердің иерархиялық қатынасымен,
баст­ апқы және кейінгі, негізгі және қосымша дәрежелі болу
сипаттарымен анықталады. Мысалы, іс-қағаздарында дәлдік,
міндетт­ ілік сипат негізгі де алғашқы белгілердің қатарында бол-
са, шаблонға құру, тұрақтылық, маңыздылығы кем болмағанмен,
екінші дәрежелі стильдік белгі. Соңғысы қоғамдық сана ретін­
дегі іс-қағазы түрінің өзіне тән емес, бірақ оның пайда болуы­
ның алғышарты ретінде қаралады. Өйткені стандарттылық, тұ­
рақ­тылық ісқағаздарын жүргізуді жеңілдетеді, сондықтан ол
қажеттіліктен пайда болған. Осы жағдай ісқағаздары мәтінінің
тілдік ерекшеліктерін де қалыптастырған.

    Жоғарыда айтылған жайлар әр стильге тән тілдік белгілерді,
бір жағынан, тілден тысқары жағдайлармен, екінші жағынан,
оларды белгілеуші тілдік құралдармен байланыстыра қарау қа­
жеттігін көрсетеді.

                 2.2 Ресми-іскерлік стиль
2.2.1 Ресми-іскерлік стиль, оның даму, қалыптасу кезеңі

    Тілдік стильдер өзінше ерекшеленетін және сонымен қатар
олардың кейбірінің басқа стильдерде де қолданылатын бел­
гілердің жиынтығымен сипатталады. Қазіргі әдеби тіліміздегі
өзіндік дербес стилистикалық-функционалдық ерекшеліктері-
мен қатар, басқа стильдермен ортақ белгілері де бар стильдің
бір түрі – ресми-іскерлік стиль. Ол қоғамдық әрекеттегі әкімші-
лік-құқықтық қатынастарды қамтамасыз етіп, заң, бұйрық,
жарлық, өкім, жарғылар, келісімдер, кесімдер мәтіндерінде, түрлі
құ­жаттарда (анықтамалар, куәліктер, сенімхаттар және басқалар),
мекемелердің іскерлік хат алмасуларында қолданылады. Орыс
тілінде «официально-деловой стиль» [27;28] деген терминге ие
бұл стиль қазіргі қазақ тіл білімінде түрліше атаулармен беріліп
жүр: іс-қағаздары стилі мен ресми стиль [9], кітаби-жазбаша

           42

⇐ МАЗМҰНЫ
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47