Page 43 - index
P. 43

стиль (іс-қағаздары мен ресми құжаттар) [29], ресми стиль
[30], ресми-іскерлік стиль [15]. Біз осы аталғандардың ішінен
бұл стильдің функционалдық-тілдік қызметіне, мағыналық-
құрылымдық сипатына ресми-іскерлік стиль деген атау тура
келеді деп есептеп, осы терминді қолдануды жөн санадық.

    В.В.Виноградов тілдің қатынас, хабарлау, әсер ету сияқты
маңызды қоғамдық қызметтерін ескере отырып, функционалды
стильдердің өзіндік жіктемесін ұсынады: күнделікті-тұрмыстық
стиль (қатынас қызметі), күнделікті-іскерлік, ресми-құжаттық
және ғылыми стильдер (хабарлау қызметі), публицистикалық
және көркем-беллетристикалық стиль (әсер ету қызметі)
[31, 21]. Сондай-ақ, орыс тіл білімінен іскерлік сөйлеудің тілдің
екі – ақпараттық (хабарлау) пен волюнтативті (бұйыру) функци-
ясын жүзеге асыратынын да көреміз. Мысалы, анықтамаларда
ақпараттар қамтылған болса, бұйрықтарда, қаулыларда – бұйыру,
ал хаттамаларда – ақпарат та (тыңдалды, атқарылды), бұйыру да
(қаулы етті, шешім қабылдады, ескерілсін, міндеттелсін, т.б.)
кездеседі [32, 169].

    Есеп беру мен құжаттауды талап ететін әкімшілік-құқықт­ ық,
әкімшілік-шаруашылық әрекеттердің саласында, сот істерінде
сөйлеу екі жақты сипатқа ие болады да, оған мазмұнның нақ­
тылығы мен сөйлеу құралдарының дерексіздігі (абстрактілік)
тән.

    Жазбаша ресми-іскерлік стильдің әлеуметтік қызметі аса
маңызды және сан қырлы: ресми сөйлеу адамдардың қоғамдық
қатынастарын қамтамасыз етеді, билік органдарының халықпен
байланысын, мекемелердің, ұйымдар мен жекелеген әлеуметтік
топтардың өзара әрекеттесімін, саяси, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени қатынас саласындағы халықаралық байланысты
жүзеге асырады.

    Мемлекеттік мекемелердің қаулылары, шешімдері, өкімдері,
кәсіпорындар мен түрлі қоғамдық ұйымдардың кез келген құ­
жаттары ресми стильдің талаптарына сәйкес жасалады. Бұл
стиль, сондай-ақ қаржылық және материалдық құндылықтар-
дың есебін, еңбек, өндіріс пен сауда саласындағы қатынастар­
дағы өзара міндеттемелерді де қамтиды. Ресми-іскерлік стиль

           43

⇐ МАЗМҰНЫ
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48