Page 44 - index
P. 44

басқару саласына қызмет етеді. Бұл – мемлекеттің өз азаматта-
рымен қатынасы немесе өздері белгілеген ресми құқықтар мен
міндетттемелерге негізделген «лауазымдардың қатынастары»
[28, 58]. Ол тілден біркелкі атаулар мен сөйлеудің дәлдігін,
мағыналардың абстракциялануын, сөйлеудің бұлтартпау мен
хабарлау міндеттемелерін, толық объективтілікті, эмоцияс­ ыз­
дықты, жанама императивтілікті талап етеді. Бұл сөйлеудің тек
жазбаша формасының басымдығы мен оның салдарынан туын-
дайтын ерекше іскерлік терминдерді кең қолданудан, сөйлеу
құрылысындағы талдаудың үстемдегінен, логикалық син­
таксисінің күрделілігінен, сөйлеудің стандарттылығының бел­
сен­ділігінен және т.б. белгілерінен көрінеді.

    Ресми-іскерлік стиль адамның қажеттілігіне бүкіл ғұмыр
бойы, дүниеге келгеннен бастап өмірден өткенге дейін қызмет
етеді. Адам өмірге келгенде – алғашқы құжат, туу туралы куәлік
беріледі. Ары қарай – жеке куәлік, орталау, орта, арнайы-орта
білім туралы куәлік, әртүрлі анықтамалар, т.б.

    Ресми-іскерлік стильдің әлеуметтік қызметі аса маңызды, әр
алуан. Ол азаматтардың қоғамдық қатынастарын, билік орган-
дары мен халықтың, мекемелер, ұйымдар мен жеке топтардың
өзара және көпшілікпен, халықаралық байланыс аясындағы сая­
си, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т.б. байланыстарды
реттейді. Мемлекеттер, мекемелер, азаматтар және азаматтар
мен мемлекет арасындағы қоғамдық қатынастарды қамтамасыз
ету барысында ресми-іскерлік стиль іскерлік келісімге қол
жеткізуге мүмкіндік береді немесе әртүрлі мәселелер бойынша
әр тараптың ұсынған бағытын білдіреді.

    Ресми-іскерлік стильге мемлекеттік актілер, түрлі заңдар,
жарғылар, үкімет орындарының қаулылары, Елбасының жар­
лықтары, халықаралық шарттар мен ноталар және әртүрлі меке-
мелерде жүргізілетін жазбаша құжаттар жатады (өтініш, сенімхат,
қатынас қағазы, мінездеме, хаттама, анықтама, өмірбаян және
т.б.). Өмірдің практикалық талаптарын қамтитын ресми-іскерлік
стиль – құқықтық қатынас жүйесіне – ісқағаздарын жүргізу, сот
ісін жүргізу және заң шығаруда қызмет етеді. Ол мемлекеттік

           44

⇐ МАЗМҰНЫ
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49