Page 45 - index
P. 45

актілерді, халықаралық құжаттарды, іскерлік және ресми хат жа-
зуларды тек қана жазбаша формада жүзеге асырады.

    Тіліміздегі ресми-іскерлік стильдер өз бастауын XVII ға­
сырдағы қазақтың хан, сұлтан, билерінің орыс империясы мен
басқа да көрші мемлекеттердің әкімшілік орындарына және
бір-біріне жазысқан әрқилы сипаттағы қағаздары мен хаттары-
нан алады. Бұлар көбіне өтіну, ескерту, мәлімет беру сияқты
құжаттар мен хаттар болып табылады. Тіл жағынан алғанда,
бұл құжаттар арнаулы кеңсе тілінің үлгілеріне жатады. Мұнда
татар тілінің элементтері басым болып, Орта Азия тілдеріне
тән архаизмдер мен арабизмдер кең қолданылады. Аталмыш
құжаттардағы сөздердің басым бөлігі қазақ тілінікі емес, онда
ортаазиялық әдеби тіл мен татар тілінің элементтері қамтыла­
ды. Грамматикалық формалар да ортағасырлық түркі жазба
тілдерінің нормаларына тән. Сондай-ақ, бұл құжаттардағы тағы
бір стильдік белгі – әрбір сатыдағы әкімдерді дәріптеп атайтын
тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Мысалы: бийук
мартабалу, ғизатлу, хурматлу, шафағатлу, т.б. Дегенмен осы тұста
көптеген жаңа ұғымдардың атаулары пайда болып, тұрақтана ба-
стады. Мысалы: саудагер – купец, мал – товар, елші – посланец,
депутат, Сахара – степь, әкім – начальник, аманат – залож-
ник, тұтқын – пленник және т.б. [33, 240].

    ХIХ ғасырдың II жартысында қазақша ресми-іскерлік стиль
тілдік, стильдік жағынан біршама тұрақталып, өз алдына жеке
дербес стиль болып қалыптасты. Ол бұрынғы ресми құжаттар мен
ресми хат-хабарлар тілінің негізінде дамыды. Біраз өзгерістерге
ұшырап стильдік жағынан жетілді. Ең алдымен, бұл стильді
көрсететін үлгілердің түрлері мен адресаттары өзгерді. Бұрын
сөз болып отырған жанр материалдары негізінен ресми хаттар,
арыздар, шағымдар және патша өкіметі тарапынан жергілікті
билеушілерге жіберілген бұйрықтар түрінде болса, енді бұл
аталғандармен қатар патша өкіметі тарапынан жазылған бұйрық-
жарлық, нұсқау, ереже, үндеу сияқты іс қағаздар үлгілері көбейе
түсті және олардың барлығы дерлік аударма болып келді. Бұл
ресми қағаздардың бірқатары хан, аға сұлтан сияқты жеке адам­
дарға емес, көпшілікке арналған мазмұнда болып келгендіктен,

           45

⇐ МАЗМҰНЫ
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50