Page 46 - index
P. 46

олар мерзімді баспасөз бетінде немесе жеке басылым болып
жарияланатын болды. Осы бағытта сол кезде шығып тұрған
«Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті»
сияқты бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады.

    Академик Р. Ғ. Сыздықова осы кездегі ресми және іс қағаздар
стиліндегі материалдарды мазмұны мен адресаттарына қарай
бірнеше топқа жіктейді. Ең алдымен, патша үкіметі (ең жоғарғы
органнан бастап жергілікті әкімшіліктерге дейін) тарапынан
жазылған бұйрық-жарлықтар (указы, распоряжения, приказы),
ережелер (положения), екінші топты заң, сот істеріне байланы-
сты ереже, бұйрық, анықтама, т.т. құрайды. Үшінші топта ресми
орындарға жеке адамдар жазған арыз, хабарлау сияқты матери-
алдар қаралуға тиіс [33, 245]. Бұл кездегі ресми іс-қатынас, кеңсе
қағаздарының барлығына тән стильдік, тілдік ерекшеліктері
қалыптасты. Олардың бірі – қазақ қолданысындағы осы стильдің
бұрыннан келе жатқан дәстүрін сақтау, яғни ортаазиялық жаз-
ба тіл элементтерін кеңінен пайдалану болады. Мұндай «түркі»
тіліндік сипат аталмыш стиль мәтіндердің орфографиясында,
сөз таңдауда, морфологиялық тұлға-тәсілді пайдалануда, тіпті
синтаксистік құрылымында да көрінеді.

    ХХ ғасырдың басында қазақ мерзімді баспасөз құралдарының
дамуына байланысты ресми-іскерлік стиль лексикасы, орфогра-
фиясы, морфологиялық құрылымы жағынан нормаланып, жетіле
түсті. Дегенмен ортағасырлық түркілік элементтер әлі де бол-
са негізгі қызмет атқарып келді. Тек Қазан төңкерісінен кейін
ғана қазақ тілінде іс жүргізу қолға алынып, тіл тазалығы үшін
үлкен күрес басталды. 1923 жылдың 22 қарашасындағы Орын-
борда жарияланған Тіл туралы декретте қазақ, орыс тілдеріне
бірдей мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Қоғам қайраткері
С.Оразалинов: «осы бір баптың кейіннен қазақ тілінің өрісін
тарылтып, маңдайына сор болып жабысқанын», – ашына жа-
зады. Бірақ бұл кездегі құжаттарда қазақ тілінің мәртебесін
көтеретін көптеген шаралар да белгіленді. 1924 жылдың 26
мау­сымында Еңбек халық комиссариаты «орыс қызметкерлерін
қазақ немесе қазақ тілі мен жазуын білетін қызметкерлермен
алмастыру жөнінде» хат жіберіп, «Мемлекеттік мекемелер мен

           46

⇐ МАЗМҰНЫ
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51