Page 47 - index
P. 47

кәсіпорындарда қазақ тілінде іс жүргізуде жұмысшылар мен
қызметкерлердің санын молайту және қазақ тілі мен жазуын
білетін мамандармен алмастырудың тәртібін күшейту жөнінде»
қаулы қабылдайды. Сондай-ақ, БКП (б) Қазақ өлкелік коми­
теті 1933 жылдың 4 сәуірінде батыл қадамға барып, төмендегі
жоғарғы мемлекеттік мекемелердің қазақ тіліне көшуін жоспар-
лайды:

    1) ҚазОАК;
    2) Ағарту халкомы;
    3) Денсаулық сақтау халкомы;
    4) Әділет халкомы;
    5) Жұмысшы-шаруа милициясы.
    Осы қаулыны жүзеге асыру барысында ҚазОАК мен ХКК
түрлі ынталандыру шараларын да қолданған. Мәселен, қазақ
тілінде еркін сөйлейтіндерге 10%, іс жүргізе білетіндерге 15%
үстеме ақы төленсе, ал жоғары оқу орындарында қазақ тілінде
дәріс оқитын оқытушылардың еңбекақысына 25% қосымша
қосылған. Тіпті, 1934 жылы Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ
мектептерінен басқа мектептерде қазақ тілін міндетті түрде
оқыту жөніндегі» қаулысы да шығады. Осы құжаттарды іске асы-
ру барысында қыруар шаруа атқарылып, қазақ тілінде іс жүргізу
қолға алынды. Қазақ тілі ортағасырлық түркілік элементтер-
ден тазартылып, лексикалық тұрғыдан дамып, біраз терминдер
атау ретінде қалыптасты. Сондай-ақ, морфологиялық тұлғалар
мен синтаксистік құрылымы жағынан бір ізге түсіп нормалан-
ды. Бұл тұрғыда, әсіресе, қазақ тіл білімінің алғашқы ғылыми
негізін қалаған белгілі қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынұлы,
Қ. Жұбанов, Х. Досмұхамбетұлы, т.б. сияқты тұлғаларды ерек-
ше айтуға болады. Алайда бұл жұмыстар түрлі әлеуметтік-
саяси себептердің салдарынан сыйырқұйымшақтанып, қазақ
тілі ескерусіз қалды. 1941 жылы 1 тамызда жоғарыда аталған
жеңілдіктерді қайтып алу жөнінде қаулы шықты. Осыдан
кейін-ақ, қазақ тілінің көші түзеле қоймады. Қазақ тіліне төніп
келе жатқан қауіпті алғашқылардың бірі болып, даңқты батыр
Б.Момышұлы байқады. Батырдың қырағы көңілі мен көреген
ақылы 1944 жылы елде болған аз ғана күнде осы қатерді нақ басып

           47

⇐ МАЗМҰНЫ
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52