Page 48 - index
P. 48

тани білді және оған деген өз қарсылығын жариялап та үлгерді.
Қазақтар арасындағы тілдік бөліну, міне, осы жылдардан-ақ бас­
тау ала бастады.

    Ал 1955 жылы 4 маусымда Министрлер Кеңесі Төрағасының
Жарлығымен ҚазССР Оқу министрлігінде орыс тіліндегі мектеп-
терде қазақ тілін міндетті түрде оқытудан босату жөнінде нұсқау
берілген. Бұл онсыз да халі мүшкілге айнала бастаған қазақ
тіліне шығарылған қатаң үкім еді. Осыдан кейін-ақ солтүстік
облыстардағы мыңдаған қазақ мектептері жабыла бастады. Де-
генмен, 1957 жылы ҚазССР Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс
жүргізу жөнінде тағы да қаулы қабылдайды. Бұл іс те әуелде қызу
қолға алынады да, кейіннен бәсең тартып, жетпісінші, сексенінші
жылдары мүлдем тоқтап қалады. Оған қатал жүйе жүргізген,
бұра тартқан солақай саясаттың ықпалы тимей қалмағаны анық.

    Қайта құру жылдары елімізде қос тілділік саясаты белең
алды. «Қос тіл – қос қанатың» деген жалған ұранды жалаулатқан
біршама ресми құжаттар қабылданады. Мәселен, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесі 1987
жылдың 3 наурызында орыс тілі мен қазақ тілін оқытуды
жақсарту туралы екі қаулы мен 1989 жылдың 15 тамызындағы
осы қаулылардың орындалуы туралы тағы екі қаулы қабылдайды.
Алайда, бұл қаулылардың бойынан орыс тіліне деген басымдық
пен ішбұрушылық айқын сезіліп тұрды. Үкіметтің бұл ашық
ұстанымы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, өркендеуіне
жол бермеді.

    Міне, осындай ұзақ жылдарғы қара түнектен кейін қазақ
тіліне деген жарық сәуле алғаш рет 1989 жылы түсті. Осы жылы
22 қыркүйекте «ҚазССР-індегі Тілдер туралы Заң» қабылданды.
Көптеген айтыс-тартыстан, ұлтжанды азаматтарымыздың табанды
талабынан кейін осы Заңда «Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік
тілі» болып жарияланды. Бұл – ұлт жанашырлары мен халықтың
сол кезеңдегі саяси-әкімшілік, психологиялық-моральдық жағынан
үлкен жетістігі мен жеңісі және ірі қуанышы еді.

    Осылайша шеттетіліп, қолданылуы жағынан шектеліп қалған
тілімізге 1989 жылы мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенімен,
ана тіліміздің еңсесінің көтеріліп, мемлекетіміздің төріне шық­

           48

⇐ МАЗМҰНЫ
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53