Page 49 - index
P. 49

қаны тек еліміздің тәуелсіздік алғанынан кейін болды. Еліміз
Тәуелсіздік алғаннан кейін де ана тіліміздің мемлекеттік тіл
ретінде дамуы мен нығаюына бағытталған көптеген ресми
құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасының Консти-
туциясы мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Рес­
публикасындағы Тілдер туралы» Заңында (11 шілде 1997 ж.)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі»
деп атап көрсетілді. Сондай-ақ, қазақ тілінің мемлекеттік тіл
мәртебесін нығайту мен дамыту мақсатында «Қазақстан Рес­
публикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы» (4 қар­ а­ша
1996 ж.) мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жыл­-
дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (7 ақпан 2001 ж.),
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналғ­ ан
мемлекеттік бағдарламасы (2011ж.) қабылданды.

    Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің
бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында
қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу
және ісқағаздарын жүргізу тілі.

    Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факто-
ры болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан
Республикасының әрбір азаматының парызы», – деп, ана
тіліміздің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі құқықтық тұрғыдан
толық негізделген.

    Осы ресми құжаттардың нәтижесінде қазіргі кезде мем­
лекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде мемлекеттік тілдің
қолданылу аясының біршама өсіп келе жатқаны байқалады. Ата
Заңымыз да мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны еліміздің ішкі,
сыртқы саясатында қолданысқа енгізуге және мемлекеттік тілде
іс жүргізуге міндеттейді.

2.2.2 Ресми-іскерлік стильдің тілдік белгілері

    Ресми-іскерлік стиль қызметінің ерекшеліктеріне қарай оның
тілдік ерекшеліктері қалыптасады. Оның мазмұндық-жанрлық
жағынан сан қырлылығына қарамастан, ол стильге ортақ талап-

           49

⇐ МАЗМҰНЫ
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54