Page 50 - index
P. 50

тар мен белгілер туралы да айта аламыз. Ресми-іскерлік стильдің
басты белгілері – дәлдік, міндеттеу, ықшамдылық, нақтылық бо-
лып табылады. Ықшамдылық баяндаудың тұтастығынан, тілдік
құралдарды тиімді пайдаланудан, ал нақтылық болған іс-әрекетті
нақты, ешқандай эмоциясыз баяндаудан көрінеді. Әсіресе, заң
мәтіндерінде қылмыс түрлеріне сәйкес қолданылатын жаза
түрлері түсіндірілгенде, жаза белгілеудің қылмысқа қатысты
шарты анық та нақты болуы тиіс.

    Дәлдік барлық сөздердің тек тура мағынасына сәйкес қол­
данылуы арқылы жүзеге асады. Ол заң мәтіндерінің басқаша
ұғынылуына жол бермейді. Дәлдік арнайы терминдерден және
термин емес сөздердің мағыналық тұрақтылығы мен нақтылығы-
нан көрінеді. Терминдер көбінесе мынадай ұғымдарды білдіреді:
а) құжаттардың атын: қаулы, хабарландыру, хаттама, анықтама,
т.б.; ә) жеке тұлғаның кәсібін, тұрмыс жағдайын, атқаратын
қызметін, әлеуметтік дәрежесін білдіретін атаулар: сот, тергеуші,
куәгер, директор, оқытушы, қорғаушы, айыпталушы, талапкер,
студент, оқушы, азамат, т.б.; б) іс жүргізу қызметтерін: жауап
алу, сараптау, тергеу, тінту, т.б. Дәлдікке ұмтылу синонимдік
қатардың қолданылу мүмкіндігін шектейді, өйткені олар кейде
мағыналық реңктердің өзгеруіне әкеп соқтырады. Сондықтан
бір сөздің, әсіресе арнайы терминдердің жиі қайталануы іскерлік
қатынасқа тән ерекшелік болып табылады. Құқықтық норма-
лар тұжырымдарының дәлдігі мен оларды түсінудің абсолютті
бірізділігі – заң мәтіндерінің мұраты. Ол заңның реттеуші
қызметінің еш кедергісіз орындалуына мүмкіндік береді.
Керісінше, бұл тұжырымдардың көмескілігі, әртүрлі түсінуге
жол берілуі оның беріктігі мен беделін төмендетеді. Мұның
нақты мысалын «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы»
Заңның кейбір баптарынан кездестіруге болады. Мысалы:

    9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі
    Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде
әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше,
басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды
әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.
    10-бап. Құжаттама жүргізу тілі

           50

⇐ МАЗМҰНЫ
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55