Page 51 - index
P. 51

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйе­
сінде. Ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, ста­
тисти­калық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу
мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.

    Бұдан, 9-баптағы кейбір тілдік құралдардың дұрыс қол­
данылмауынан көптеген қайшылықтарды көруге болады. Мә­
селен, аталмыш бапта «қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше,
басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып» деген
көсемшелі оралым бар, алайда оның қандай қажеттілік жағдай
екені анық көрсетілмеген және мүмкіндік деңгейінің шегі
де белгісіз, сондай-ақ, басқа тілдердің қандай тілдер екені
нақтыланбаған. Егер әлемде бес мың тіл бар екені рас болса, сол
тілдердің барлығына аудару қажет пе?

    Ал 10-баптағы тілдік қолданыс кейбіреулерді «құжаттама
жүргізу тілі екі тілде де (мемлекеттік және орыс тілінде) қатар
болуы міндетті», – деген түсінікке жетелесе, енді біреулеріне
«екеуінің бірінде (мемлекеттік тіл немесе орыс тілі) болса
жеткілікті»,– деген ұғымға жол береді, ал үшіншілері «құжаттама
жүргізу тілі тек мемлекеттік тілде ғана жүргізіледі де, қажеттілік
болған жағдайда ғана орыс тіліне аударылады», – деп түсіндіреді.

    Біз бұл мысалдардан заң мәтіндеріне қойылатын талаптар-­
дың өрескел бұзылғанын көреміз. «Мүмкіндігінше», «мүмкін»
деген сөздердің өзі екіұштылық реңкті білдіреді. Ал ол өз
кезегінде экспрессивтілік пен субъективтілікті туғызады. Заң
мәтіндерінде экспрессивтілік пен субъективтіліктің қандай да
элементтері болған жағдайда заң бұрмалауға икемді болады.

    Сондай-ақ, заң тілі міндеттеу, мәжбүрлеу қызметін де ат­
қарады. Қатынастың бұл түрінде ерікті білдірудің тілдік тәсіл­
дері мен құқықтың реттеуіштік функциясының жүзеге асы-
рылуы – ресми-іскерлік стильдің маңызды қасиеттерінің бірі.
Императивтілік пен бұйрық-міндеттілік мағына да бұл салада
қолданылатын кез келген тілдік бірліктерге тән сипат болып та-
былады.

    Ресми құжаттардың тұжырымдылығы мен айқындылығы,
нормалануы мен стандартталуы да міндетті. Аталмыш стильде
сөйлеу құралдары жиі қайталануы мен біркелкілігімен сипат-

           51

⇐ МАЗМҰНЫ
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56