Page 52 - index
P. 52

талады, ол сонысымен тілдік шаблондардың қолданылуының
құнарлы ортасына айналады. Шаблондар мен стандарттар –
ресми-іскерлік стильдерге тән сипат. Олар ресми сөйлеу тақы-­
рыптарының қатаң белгіленуіне, шектеулілігіне, оның қол­
да­нылуының салыстырмалы түрде мардымсыздығы мен бір­
тектестілігіне байланысты туындайды. Шаблондар мен
стан­дарттар атауы, формасы мен мазмұны бойынша ұқсас құ­
жаттарды рәсімдеуде жиі қолданылады. «Шаблон» ресми-
іскерлік құжаттарда тіл мәдениетінің жауы ретінде емес,
керісінше «қажетті» элемент ретінде қабылданады. Өйткені ол
ойды анығырақ, қысқарақ, тіпті, кейде жалпыға түсініктірек
етіп жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ, стандарттар іскерлік
қатынасты жеделдету мен жеңілдетуге мүмкіндік береді. Демек,
«кеңселік штамп» ресми-іскерлік стильдің толық меншігі мен
қажетті белгісі болып табылады. Мұны біз кеңсе құжаттарында
жиі кездесетін төмендегі түрлі оралымдардан көреміз: заңға
сәйкес, белгіленген тәртіппен, міндеттелсін, орындалсын, тиісті
шара қолданылсын, тиісті органдарға ескертілсін, мерзімнің
аяқталуына байланысты, заң талаптарына сәйкес, т.б.

    Сондай-ақ, ресми-іскерлік стильдің дербестігі оның ком­
муникативтілік қырынан көрінеді. Оны негізгі екі түрге, жанрға
бөлуге болады: «заң тілі» мен «іскерлік қағаздар тілі». Заң тілі
көлемді коммуникативтік белсенділікке ие емес, ол бұқаралық
қатынастың тұрақты құралы бола алмайды: адамдар заңдарды
орындағанымен, оларды өте сирек оқиды. Әдетте, заң тілін са-
лыстырмалы түрде қоғамның аз бөлігі ғана тұрақты қолданады.
Оның үстіне, заң тілі коммуникативті тұрғыдан біржақты: ол
қатынас тілі емес, хабарлау тілі. Оны қабылдайды, түсінеді,
алайда өте сирек қолданады және ол тілде сөйлемейді.

    Іскерлік қағаздар тілі (бұйрықтар, қаулылар, өтініштер, т.б.)
бұқаралық қолданыс пен коммуникативті белсенділікке ие,
адамдар одан ақпарат алып қана қоймай, онымен шын мәнінде
қатынас жасайды. Алайда, бұл қатынас жекелеген «лауа­
зымдардың қатынасына» ғана бағытталған және ол қатаң рет­
теліп, программаланған. Адамдарға сөйлеу мәтіндерінің үлкен
бөлігі сырттан беріледі, ал қалған бөлігі алдын ала болжамның

           52

⇐ МАЗМҰНЫ
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57