Page 53 - index
P. 53

мөлшерлі баламасына бағынады. Ресми-іскерлік қатынас
белгілі бір бланкілерсіз сирек жасалады, бұл қоғамды өнімсіз
еңбектің көлемді мөлшерінен құтқарады. Алайда, осы процесс
тікелей сөйлеу қатынасын минимумға шектейді. Сондықтан
А.Н.Васильева ресми-іскерлік стильді өзге стильдердің қатарына
«коммуникативтілігі төмен» белгісімен қою керек деп есептейді
[28,60].

    Ресми-іскерлік стиль түрлі мемлекеттік және қоғамдық
қызм­ еттер саласындағы құжаттардың жанры мен мазмұнына
тікелей қатысты болғандықтан, оның лексика-грамматикалық
белгілері мүлде біркелкі бола бермейді. Әрбір әкімшілік,
әрбір сауда мен өндіріс саласының өзіндік ресми терминоло-
гиясы бар. Бұл терминдердің табиғаты ғылыми терминдерге
қарағанда басқашалау, олар күнделікті-тұрмыстық қатынаста
жиі қолданылатын болғандықтан, түрлі әлеуметтік-тарихи
факторлардың әсерінен өзгергіш келеді.

    Әртүрлі іскерлік жанрлардың синтаксисі де өзіндік ерек­
шеліктерге ие. Сондықтан заң мәтіндерінің синтаксистік құ­
рылымы халықаралық шарттардан, әскери жарғылардың тілінен,
хаттамалар мен өтініштердің тілінен өзгеше болуы мүмкін.
Ресми-іскерлік стильге жататын құжаттар қызметі, жанры мен
мазмұны жағынан әртүрлі болып келгенімен, олардың барлығына
ортақ жалпы тілдік сипаты болады. Бұл стильдің жоғарыда
аталғандардан бөлек төмендегідей тілдік белгілерін көрсетуге
болады:

    1. Лексика-фразеологиялық құрамы саяси-публицистикалық
сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер және
қысқарған сөздер түрінде болып келеді. Мысалы: 2012 жылғы
4 желтоқсанда Ашхабадта жасалған Қазақстан Республикасын­­ ың
Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасында­
ғы 2010 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Украинаның Министрлер Кабинетінің арасындағы
Қазақстан Республикасының Украинадағы және Украинаның
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін ор-
наластыру шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
хаттама ратификациялансын («ЕҚ»).

           53

⇐ МАЗМҰНЫ
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58