Page 54 - index
P. 54

2. Диалекті, жаргон және қарапайым сөздер қолданылмайды.
    3. Эмоционалды сөздер, экспрессивтік бояу мен реңк мәнді
жұрнақтар, одағай сөздер стильдің бұл түріне тән емес. Де-
генмен, құттықтау мәтіндерде осы аталған тілдік бірліктердің
барлығы дерлік еркін қолданылады. Мысалы:
    Қызметтес әріптестеріңіз Сізді терең біліміңіз бен білік­
тілігіңіз, талабыңыз бен танымыңыз, талғам-түсінігіңіз, ізденім­
паздық қасиеттеріңіз, ел мұқтажына деген шынайы елгезекті-
гіңіз үшін құрметтеп, қадір тұтады.
    Ғұмырыңыздың басым бөлігін мемлекетіміздің мерейлі
биіктерден көрінуіне арнаған Сіздің, дархан да дана, кемел де
кеңпейіл халқымызға алдағы уақыттарды да қалтқысыз қызмет
ете беретініңізге сеніміміз мол.
    Қадірменді .... ....!
    Азаматтың қайраткерлік келбетінің кемеліне келіп, кемеріне
шығар шағына жеткен Сізге қашан да абырой биігінен көріне
беруіңізге деген тілектестігімізді білдіремін. Денсаулығыңыз
зор, ырыс-дәулетіңіз мол болып, шаңырағыңыздан шаттық
арылмасын, ұрпағыңыздың қызығын көре беруіңізді тілейміз.
Тойыңыз тойға ұлассын!
    4. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі қатаң түрде сақталады.
Мысалы: Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен
қорғауға құқығы бар.
    5. Автордың субъективтік көзқарасы, қатынасы көрінбейді.
    6. Жай сөйлем бір-бірімен өзара байланысты фактілердің
бағыныңқылық жүйелігін толық бере алмайды. Сондықтан бұл
стильде күрделенген сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің
барлық түрі кең қолданылады. Мысалы: Прокуратура мемле-
кет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан
Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де
нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл біркелкі қолда­
нылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің,
әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары
қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын
анықтау мен жою жөніндегі шаралар қолданады, сондай-ақ ре-

спублика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар

мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

           54

⇐ МАЗМҰНЫ
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59