Page 55 - index
P. 55

7. Бұл стильде сөйлемнің баяндауыш формалары, тұжы­рым­
дылық пен нақтылықты білдіру үшін көбінесе ырықсыз етіс пен
бұйрық рай формасында қолданылады. Мысалы: Орындалсын,
міндеттелсін, қаралады, білдіріледі, көрсетіледі, жауапқа тарты-
лады, т.б.

    8. Бұл стиль хабарлау сипатында жазылатындықтан, онда сұ­
раулы, лепті сөйлемдер мүлдем кездеспейді десе де болады.

    Көрсетілген лексика-грамматикалық белгілер ресми-іскер­
лік стильдің функционалды стильдердің дербес түрі ретінде
қалыптасуына негіз болды.

    2.2.3 Іс-қағаздар мен құжаттар және олардың түрлері.
Ресми-іскерлік стиль жанрлық жағынан да сан қырлы. Орыс тіл
білімінде кейбір авторлар оны атқаратын қызметі мен мазмұнына
қарай үш шағын стильге жіктейді: заңнамалық (заңдар, жар­
лықтар, қылмыстық және азаматтық актілер, жарғылар, т.б.),
дипломатиялық (нота, меморандум, коммюнике, конвенция,
халықаралық келісімдер), әкімшілік-кеңселік (кесімдер, өкім­
дер, бұйрықтар, өтініштер, өмірбаяндар, т.б.) [2, 169], екінші
бір ғалымдар тақырыбы мен жанрларының әркелкілігін еске-
ре отырып, оны екі түрге жіктейді: ресми-құжаттық стиль,
күнделікті-іскерлік. Біріншісіне мемлекеттік органдардың қыз­
метімен байланысты заң құжаттары мен халықаралық қаты­
наспен байланысты дипломатиялық актіл­ ердің тілі жатады.
Күнделікті-іскерлік стильге мазмұны мен жанры және тілдік
құралдардың қолданылуына қарай, бір жағынан, мекемелер мен
ұйымдардың арасындағы хат алмасуларды, екінші жағынан жеке
іскерлік құжаттарды жатқызады [32, 33]. Қазақ тіл білімінде
Д. Әлкебаева ресми-іскерлік стильді төрт жанрға жіктейді:
заңнамалық (заң, қаулы, нормативті акт, ереже, т.б.), құқықтық
(сот ережелері, айыптау хаттамалары, тінту, т.б.), әкімшілік
(ереже, бұйрық, нұсқау, қызметтік хаттар, т.б.), дипломатиялық
(келісімшарт, нота, конвенция, коммюнике, т.б.) [15, 86]. Осы
тұжырымдарды саралай келгенде, ресми-іскерлік стильді
атқаратын қызметі мен мазмұнына қарай үш топқа жіктеуге бола-
ды: заңшығарушылық, дипломатиялық және әкімшілік-кеңселік.
Олардың әрқайсысының өз жанрлары бар.

           55

⇐ МАЗМҰНЫ
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60