Page 56 - index
P. 56

Заңшығарушылық жанрлар заң шығару, қылмыстық әкім­
шілік және азаматтық іс жүргізу актілерін қамтиды. Ол жеке
тұлғалардың өзара және азаматтардың мемлекет пен мекеме-
лер арасындағы құқықтық қатынасты реттейді. Сондай-ақ, заң
тілі міндеттеу, мәжбүрлеу қызметін де атқарады. Іс жүргізу
актілерінің мақсаты – қандай да іс-әрекетті, құбылысты анықтау,
сондықтан онда констатация (айғақты белгілеу) негізгі баяндау
тәсілі болып табылады.

    Заң мәтіндері дәлдік пен объективтілікті талап етеді. Мұнда
құжатты жүргізуші тұлғаның субъективті пікірін білдіруіне
ешқандай жол берілмейді. Объективтілік өз кезегінде ресмилікті
туғызады. Онда ешқандай эмоция, ауыспалы мағыналы сөздер
мен жаргон, диалекті сөздер қолданылмайды. Заңшығарушылық
жанрды түрі мен сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге бо-
лады: заңдар, мемлекеттік бағдарламалар, әскери жарғылар,
Елбасының заңдық күші бар жарлықтары және т.б.

    Дипломатиялық стильдер мемлекеттер арасындағы қаты­
наста қолданылатын құжат үлгілерін қамтиды да, төмендегідей
жанрларға бөлінеді: меморандум, нота, коммюнике, халықара­
лық шарттар, т.б.

    Коммюнике – халықаралық маңызы бар айрықша мәселе
жөніндегі ресми мәлімдеме.

    Меморандум – халықаралық қатынаста дипломатиялық
талқылауға жататын мәселелерді байымдаған хат, алайда, қол
қойып, мөр басылмаған хат.

    Нота – бір үкіметтің екінші бір үкіметке жолдаған дипло­
матиялық үндеуі.

    Әкімшілік-кеңселік стильге түрлі мекемелерде жүргізілетін
құжат үлгілері жатады. Құжатар қызметіне қарай жалпы және
арнайы құжаттар деп бөлінеді.

    Құжаттың атқаратын жалпы қызметіне төмендегілер жатады:
    • ақпараттық, яғни кез келген құжат тиісті хабарды сақтау не-
месе қағаз бетіне түсіру қызметін атқарады;
    • әлеуметтік, яғни кез келген құжат тиісті әлеуметтік қа­
жеттілікті өтеу үшін толтырылады;

           56

⇐ МАЗМҰНЫ
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61