Page 57 - index
P. 57

• коммуникативтік, яғни құжат әртүрлі қоғамдық құры­лымдар
арасындағы байланыс құралы;

    • мәдени, яғни түрлі мәдени дәстүрлерді бекіту мен тарату
құралы болу;

    Құжаттың арнайы қызметіне мыналар жатады:
    • басқару, яғни құжат басқару құралы;
    • құқықтық, яғни қоғамдағы құқықтық нормалар мен қа­
тынастарды бекіту және өзгерту құралы;
    • тарихи-дерекнамалық қызметі, яғни құжат қоғамның дамуы
туралы тарихи оқиғалардың қайнар көзі [34, 5];
    Әкімшілік-кеңселік стиль бірнеше жанрлық түрге бөлінеді:
өмірбаян, өмірбаян-резюме, есеп, сенімхат, қолхат, өтініш, мі­
нездеме, хабарландыру, мәлімдеме, хаттама, қатынас қағазы,
түсініктеме, қызметтік хаттар және т.б.
    Өмірбаянға байланысты өзіндік стиль бар. Өмірбаянның әде­
би-публицистикалық, саяси-шығармашылық және кеңсе орын­­­
дарында құжат етіп тапсыратын түрлері болады.
    Әдеби-публицистикалық өмірбаян әдеби-көркем шығарма
түрінде жазылады. Мысалы, Абай туралы М. Әуезов, Сұлтан­
махмұт туралы Б. Кенжебаев, Сәкен туралы Т. Кәкішев пен
С. Қирабаев жазса, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Момышұлы өз
өмірлері туралы өздері жазды.
    Саяси-шығармашылық өмірбаянды сол өмірбаян иесі емес,
басқа біреу жазады. Бұған қоғам, әдебиет, өнер қайраткерлерінің
өмірі мен қызметі туралы өмірбаяндар жатады. Мысалы,
Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, М. Шоқай, А. Байтұрсынов, Кенеса-
ры, Абылай, Т. Рысқұлов, Д. Қонаев және т.б. туралы жазылған
өмірбаяндар.
    Өмірбаянның кеңсе орындарына құжат етіп тапсырыла-
тын түрі түрлі мекемелерде іс жүргізу құжаттары ретінде қол­
данылады. Оның қалыптасқан үлгісі болады және онда түрлі
теңеулер, ауыспалы, экспрессивті мағыналы сөздер қолдан­ ыл­
майды.
    Қызметтік хаттар. Хат басқару байланысының негізгі құралы
болып табылады. Хабар-ошар алысу мекеме құжаттарының

           57

⇐ МАЗМҰНЫ
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62