Page 58 - index
P. 58

жалпы көлемінің 80%-ын құрайды. Маңызы мен мазмұнына
қарай хаттар бастамалы (хат-талап, хат-шағым, хат-ескерту, хат-
хабарлама, хат-циркуляр, ілеспе хат) және жауап хат (ақпарат-
түсінік, өтініш білдіру, тыйым салу хаттары) болып екіге бөлінеді.

    Жоғары мекемелер мен ұйымдардан шығатын хаттар, негі­
зінен, тапсырма беру, хабардар ету, ескерту, түсіндіру, сұрау салу
түрінде жиі кездеседі. Бағынышты мекемелер жоғарғы орган­
дарға жауап қайтарып, хабар береді, өтініш жазады.

    Басқару жүйесіндегі қолданылатын кейбір хаттарға тоқталып
түсінік берейік:

    Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе
оның тоқталуын талап етеді, алайда, ол жөнінде жауап қайтаруға
міндеттемейді.

    Сұрау салу хатында белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе
фактінің болған-болмағанын растап жауап берілуге тиіс.

    Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы
салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді.

    Ескерту хаттар адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақтылы
орындамаған кезде жазылады.

    Циркуляр хат – ведомствалық жағынан бағынышты барлық
мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар, негізінен, тап-
сырма беру сипатында болады.

    Ақпарат-түсінік хаттары дегеніміз – бұрынғы тапсырылған
міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәліметтері мен фактілерін
нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар.

    Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселенің шешілмегені
туралы жауап жазылатын болса, шешім хаттарында – мәселенің
дұрыс шешілгені жөнінде мағлұмат хабарланады.

    Ілеспе хат адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі
қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда
негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны
қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі [35,169].

    Қазақ тіліндегі ресми-іскерлік стильдер туралы зерттеулер,
негізінен, оның жоғарыда көрсетілген үш жанрының біреуін,
әкімшілік-кеңселік стильді ғана қамтиды. Ол мемлекеттік меке­
мелердегі іс жүргізуді жүзеге асырады, ал еліміздегі жекеменшік

           58

⇐ МАЗМҰНЫ
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63