Page 59 - index
P. 59

кәсіпорындар мен коммерциялық мекемелер, банктер, қызмет
көрсету орындары іс жүргізуді әлі де орыс тілінде жүргізіп келеді.
Тіпті кейбір қызмет салаларында мемлекеттік тілде жазылған
дайын бланкілер де жоқ. Ал заң мәтіндеріне келсек, өкінішке
орай ол тек аударма тіл есебінде қалыптасып келеді. Бүгінге дейін
бірде-бір заң қазақ тілінде дайындалып, талқыланған емес, ол
әуелі орыс тілінде дайындалып, сосын барып мемлекеттік тілге
аударылады. Дипломатиялық стильдің жағдайы бұдан да төмен.
Егер қазақша заң мәтіндері күнделікті тұрмыста, қоғамдық
қатынастарда жиі қолданылатын болса, дипломатиялық стиль
тек қағаз жүзінде қолданылып келеді. Соңғы кездері қазақ
тіліндегі заң мәтіндерінің стилистикасы туралы ғылыми зерт­
теулер аз да болса жарық көре бастаса, дипломатиялық стильд­ ің
тілдік-жанрлық ерекшеліктері мен ғылыми-танымдық негіздері
туралы мәселелер әлі де өз кезегін күтіп жатыр.

    Ішкі істер органдарында жүргізілетін құжат үлгілері. Заң­
герлердің тергеу мен сот істерін жүргізу саласындағы қызмет
өрісі іс бойынша айқын шешімдер мен белгіленетін бағыттарды
қамтитын іс жүргізу актілерін жасаумен тығыз байланыс­ты.
Тергеу мен сот қызметі ойлау анықтығы мен логикалық қор­ ы­
тындылардың негізділігін талап етеді.

    Ішкі істер органдарында жүргізілетін құжат үлгілеріне қыл­
мыстық процесті жүргізуші органдар мен ресми тұлғалар өз
құзіреттері шегінде және Қазақстан Республикасының Қыл­
мыстық іс жүргізу кодексінде айқындалған нысанда көрініс та-
батын қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жүргізілетін ресми
құжаттар жатады. Мысалы: хаттамалар, қаулылар, шешімдер,
қорытындылар, айыптау қорытындылары, т.б.

    Алдын ала тергеудің ең маңызды актілерінің бірі – айыптау
қорытындысы. Онда айыпталушының қылмыстық әрекеттері
мен сол әрекеттің құқықтық бағасы беріледі, айыпталушының
кінәлілігі туралы қорытынды шығарылады. Әрбір сот мәжілісі
айыптау қорытындысын оқудан басталады. Сондықтан тергеу­
ші осы істі жүргізу актілерін жазу барысында, оның залдағы
қатысып отырған азаматтарға тигізер психологиялық әсерін жә­

           59

⇐ МАЗМҰНЫ
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64