Page 60 - index
P. 60

не соттың тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектесуі туралы
ойлауы тиіс.

    Үкім – айыпталушының кінәлілігі мен кінәсіздігі және оған
жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бірінші
сатыдағы соттың сот отырысында немесе аппеляциялық соттың
талқылауында шығарылған сот шешімі. Сот үкімі айыптаушы
немесе ақтаушы болуы мүмкін.

    Үкім маңызды іс жүргізу актісі болып табылады. Оның мәні
қылмыстық сот ісін жүргізу актілері жүйесінде үкімнің сапасына
соттың ерекше жауаптылығын анықтайды.

    Қаулы – соттың үкімнен басқа да әртүрлі шешімдері, анық­
таушының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс бойынша
сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қабылданған шешімдері.

    Ішкі істер органдарында қолданылатын құжат үлгілерінің
бірі – хаттама. Хаттама – қылмыстық процесті жүргізуші ор-
ган жасаған іс жүргізу әрекеті көрсетілген құжат үлгісі. Оның
төмендегідей түрлері кездеседі:

    1. Жауап алу хаттамасы
    2. Тергеу іс әрекетінің хаттамасы
    3. Тінту немесе алу хаттамасы
    4. Қылмыстық іс материалдарымен таныстыру хаттамасы
    5. Эксгумацияның хаттамасы және т.б.
    Әрбір хаттаманың қызметі мен мақсатына қарай өзіндік
ерекшеліктері болады. Соған орай әр хаттамаға қойылатын та-
лаптар Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу ко­
дексінде көрсетіледі. Мысалы:
    Тінту немесе алу хаттамасы:
    1. Тінту немесе алу жүргізетін адам осы кодекстің 203-ба-
бында көзделген талаптарды сақтай отырып хаттама жасайды.
    2. Хаттамада заттар мен құжаттар қай жерде және қандай
жағдайда табылғаны, олардың ерікті түрде берілгені немесе
мәжбүрлеп алынғаны көрсетілуге тиіс. Барлық алынған зат-
тар хаттамада саны, мөлшері, салмағы, өзіндік белгілері және

мүмкіндігінше бағасы дәл көрсетіле отырып жазылуы тиіс.
    3. Егер тінту немесе алу жүргізген кезде алынуға жататын

заттарды немесе құжаттарды жою немесе жасыру әрекеттері

           60

⇐ МАЗМҰНЫ
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65