Page 61 - index
P. 61

жасалған болса, бұл хаттамада қолданған шаралар көрсетіле
отырып жазылуы тиіс.

    4. Тінту немесе алу хаттамасының көшірмесі олар жүргізілген
адамға не оның кәмелетке толған отбасы мүшесіне, ал олар
болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымының немесе
жергілікті атқарушы органның өкіліне олардан қолхат алынып
тапсырылады. Егер тінту немесе алу ұйымда жүргізілсе, онда
хаттаманың көшірмесі оның өкілдеріне қолхат алынып тапсы-
рылады.

    Ішкі істер органдарында жүргізілетін әрбір ресми құжат
үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, сипаттама бөлім және
қорытынды бөлім. Кіріспе бөлім жағдайға кіру жолын, жайын,
сипаттама бөлім істің жайымен, дәлелдермен таныстырады,
ал қорытынды бөлімде тұжырым айтылып, белгілі шешімдер
қабылданады. Осылайша мағыналық басқыш пайда болады.
Қаулы, айыптау қорытындысы, үкім, тергеу, тінту хаттамалары
сияқты қылмыстық іс жүргізу актілері осындай композициядан
тұрады.

           2.3 Ғылыми стиль

    2.3.1 Ғылыми стильдің жалпы сипаты, қолданылу өрісі
мен қызметі. Ғылыми стиль – кітаби-жазба стильдердің бір түрі.
Бұған әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылымда
белгілі ұғымдардың, құбылыстардың, процестердің, заңдылық-
тардың, т.б. қасиеттердің арақатынасын зерттеу нәтижесінде
бұрын белгісіз жаңа ұғымдар дүниеге келеді. Ғылым күнделікті
шынайы болмыстағы құбылыстардың, жаңа ұғымдардың, та­
биғаттың қыры мен сырын терең зерттеп, көпшілікке танытады.

    Ғылыми стильде зерттеу нысаны болған зат не құбылыс
ғылыми негізде сипатталып, белгілі теориялық негіздермен
дәлелденіп, логикалық жағынан негізгі ой мен құбылыстың бай-
ланысы нақтыланып, белгілі жүйеге құрылған хабарлы, өзекті,
дәлелді, ой қисыны қорытындыланған ғылыми тұжырым жаса-
лынады. Деректі ғылыми пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ой
бөліктерінің жиынтық операциясы құрастырылып, ол белгілі

           61

⇐ МАЗМҰНЫ
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66