Page 62 - index
P. 62

ғылыми жүйемен сұрыпталып ойлау заңының негізгі анықтама
байламы шығады. Сондықтан ғылыми стиль мәтіндерінің басты
ерекшелігі – оның белгілі заңдар мен қағидаларға сүйеніп, белгілі
шарттылық ұғымын қанағаттандыру идеясын қамтиды, яғни
бұрынғы қарастырылып отырған зат пен құбылысты дамытуға,
түрлендіруге, басқаша сипаттауға, толықтыруға, теңестіруге,
қарсылық жасауға, т.б. ой мен тұжырым негіздерін басшылыққа
алады. Осыдан келіп логикалық тепе-теңдік, қарама-қайшылық,
терісті теріске шығаруы, т.б. заңдармен негізделіп жасалынады.

    Ғылыми тіл ғылымға қызмет етеді және ол белгілі бір ғылым
саласы бойынша дайындығы бар адамдарға арналады. Оның
негізгі қызметі – зат пен құбылыс, болмыстың заңы мен идеясы
туралы объективті білімді өңдейді, олардың заңдылығын ашады.
Ғылыми қатынастың өрісі ойдың дәл, логикалы, бір мағыналы
берілуін талап етеді. Ғылымның мақсаты – заңдылықты ашу, зат-
тар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін тауып, мәлімет беру.
Ғылыми қатынас саласы сөйлеудің біршама дәл, логикалық, бір
мағыналы жеткізілу мақсатымен ерекшеленеді. Ғылым саласында
ойлаудың басты формасы түсінік болып табылады, ал ойлаудағы
нақты тілдік көрініс бірінен соң бірі қатаң логикалық жүйелілік-
пен жүретін байымдау мен ой қорытындылаудан көрінеді. Мұн­
дағы ой қатаң деректемелерге негізделеді, логикалық ойлау ба­
рысы ерекше айқындалады. Бұдан ойлаудың жалпылау мен
абстракциялау сипаты шығады. Мұнда, бір жағынан, ғылыми та-
ным процесінің ішіндегі ойлаудың сипаты мен бағытын, екінші
жағынан – ғылыми шығармалардағы ойлау нәтижелерінің іске
асуын айқындау қажет. Ғылыми мәтіндерде зерттеу кезеңімен
салыстырғанда, қосымша «рәсімдеу» міндеттері туындайды
(дәлелдеу тәсілдері, баяндау немесе талқылау, тарата түсіндіру
дәрежесі, т.б.). Осыған байланысты сыртқы және ішкі сөйлеу
кезеңдерінің өз сөйлеу фактурасы бойынша тілдік көрініске
ұқсас болуы міндетті емес. Ойлаудың аталған сатылары мен
олардың тілдік көрінісі арасында айтарлықтай айырмашылық
жоқ. Алайда, ойлаудың соңғы сатысы (ғылыми жағдайда) ішкі
емес, тек сыртқы сөйлеу арқылы жүзеге асырылады.

           62

⇐ МАЗМҰНЫ
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67