Page 63 - index
P. 63

Ғылыми стиль – ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу
ұстанымдары бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің бір тармағы.
Оның қалыптасып, дамуы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүр­
гізілуіне және ғылыми әдебиеттердің жазылуына байланысты.
Мұны белгілі бір ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан
тұжырымдалған толық хабарлама десек те артық емес.

    Ғылыми стильдің қолданылу аясы өте кең. Қоғамда күн са-
нап қаулап өсіп жатқан ғылыми-техникалық өрлеу тілдің сөздік
құрамына жаңа сөздер мен жаңа тіркестерді енгізді. Ипотека,
инвестор, тендер, фермер, электрондық пошта, интернет, факс,
аукцион, мемлекеттік пакет, акция, т.б. толып жатқан жаңа тер-
миндер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тілдік қолданысқа
енді.

    Ғылым күнделікті объективтік болмыстағы құбылыстардың,
жаңа ұғымдардың, табиғаттың қыры мен сырын терең таныта-
ды. Ғалым өз ойын, өз қорытындысын ғылыми стильмен ба-
яндайды. Әр ғылымның өзіне тән стилі, баяндау әдіс-тәсілдері
болады. Ғылыми тілдің өзіндік ерекшеліктері мен терминдері
бар. Өйткені тілдің мемлекеттік мәртебеге көтерілуі, негізінен,
ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты. Ендеше
ғылымы дамыған елдің ғылыми тілі де, стилі де жетіле түспек.
Қазақ ғылымының тілі әлі де даму, жетілу үстінде. Ұлттық
ғылыми тіліміз қалыптаспай тұрып, ғылыми тілде сапасы жоғары
еңбектер жазылуы мүмкін емес. Бұл үшін, алдымен, ғылыми
тілдің танымдық қызметін ашып, оның ана тіліміздің негізі,
жалпы рухани байлығымыздың басты қазынасы екендігін терең
пайымдау қажет. Дегенмен ғылыми стильдің өзіне тән тілдік
ерекшеліктері туралы айтуға болады. Ол ғылыми стильдің сөз
қолданысынан, қолданылу өрісінен, функционалдық қызметінен
және т.б. қасиеттерінен көрінеді.

    Лексикографтардың бақылауы бойынша, бұрын түсіндірмелі
сөздіктердің материалдары көбінесе көркем әдебиеттен, біразы
публицистикалық шығармалардан алынса, кейінгі кезде әлем
тілдерінің дамуын ғылым тілі мен оның қоғамдық өмірдегі
қызметіне байланыссыз айту мүмкін емес.

    Зерттеуге қатысты әдістер мен оның ұжымдық сипаты,

           63

⇐ МАЗМҰНЫ
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68