Page 64 - index
P. 64

ғылыми ойлау ерекшеліктері, ғылыми емес зерттеу әдістерінен
өз нысанын қорғау – міне, осының бәрі ғылым тілінің қалып­
тасуына ықпал етеді. Ондағы ой қорытындысының, дәлдіктің,
қисындылық пен ақиқаттың орны зор.

    Ғылыми ұғымдар, абстрактілі ойлар орасан, сондықтан да
ғылым тілі кейбір қарапайым дәлдіктерден алыс. Бұл ретте ғылым
тілін көркем әдебиет тіліне мүлде қарама-қарсы қойып салысты-
ру орынды болмақ. Ғылыми танымның интеллектуалдық сипаты
ғылыми мазмұнның тұжырымы мен белгілі бір тәртіппен баянда-
луы ғылым тілінің, ең алдымен, қатаң қисындылығын тудырары
сөзсіз. Бұл арада ғылыми стиль басқа да кітаби стильдер сияқты
сөйлеу стиліне мүлдем қарама-қарсы. Ғылыми зерттеулердің бас­
ты қасиеті оның ұжымдық сипатында. Өйткені ғылыми ізденіс
өзіне дейінгі ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, өз мақсаты
мен міндеттерін айқындап тұрады. Мұнда да ғылым тілі бояма-
сыз ақиқатты көрсетеді. Ғылымды зерттеп отырған ізденуші ав-
тор басқа стильдерге қарағанда, мәселен көркем әдебиет, публи-
цистика, сөйлеу стильдеріндегідей емес, өзінің «менін» алдыңғы
орынға шығармайды. Ізденуші немесе автор үшін ең бастысы
– өзінің ғылыми нысаны туралы, жасаған тәжірибесі мен ой
қорытындысын ортаға салу, баяндау тәрізді ғылыми хабарла-
ма жасау. Ғылым тілінде автор өз ізденісіне қатысты кездескен
түрлі қиындықтар мен сезімдік жайттарды тіпті жақша ішінде де
көрсете алмайды.

    Ғылыми мәтіннің авторы мәтін түзгенде оқырманды өз
ойы­на ортақ етіп, өз пікірін қостатуды мақсат етеді де, ақыр
аяғында оқырманға ықпал жасау осыған кеп саяды. Осын-
дай прагматикалық мақсат барлық ғылыми мәтіндерге тән.
Мәтіндердегі ғылыми ақпарат пен идеяларды дұрыс қабылдауға
тиімді жағдай жасау үшін ғылыми жұмыстарды жазудың ұзақ
тәжірибесі мен беделі, сондай-ақ баспа орындарының реттеу
жұмыстарының арқасында ғылыми стильдің түрлі жанрларында
белгілі бір құрылымдық үлгілердің қалыптасуына ықпал етті. Әр
автор өз шығармасының ғылыми стиль талаптарына сай болу-
ын, оқырмандардың соған сәйкес қабылдауын ойлайды. Бұл да
– прагматикалық зерттеу аспектісі.

           64

⇐ МАЗМҰНЫ
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69