Page 65 - index
P. 65

Ғылыми стильдің экстралингвистикалық белгілері – дәлдік,
абстрактілік, логикалылық пен объективтілік. Дәлдік ғылыми
стильдегі термин сөздердің қолданысынан көрінеді. Онда
ғылыми терминдердің қолданылу мүмкіндігінің барынша ке­
ңеюі ғылыми стильдің негізгі функционалды-стильдік бояуы –
терминологиялық лексиканы қалыптастырады. Ғылымда, әсіресе,
халықаралық терминдер көп қолданылады. Терминологиялық
лексикада халықаралық терминдердің ерекше басымдыққа ие бо-
луы – бір жағынан, ғылым тілінің халықаралық стандартталуға
ұмтылуын көрсетсе, екінші жағынан ұлттық ғылым тілінің да-
мымай, артта қалғандығын да білдіреді. Терминологиялық лек-
сиканы көп пайдалану арқылы дәлдікке ұмтылу оның көпшілікке
түсініктілігіне нұқсан келтіреді.

    Ғылыми стиль ойлау стилінің негізінде жасалынады, осыдан
оның екі бағыты шығады: біріншісі – дискретті-логикалық; екін-
шісі – психологиялық. Олар ғылыми баяндаудың ерекшелік-
терін анықтайды, ғылыми мәтіннің прагмастилистикалық та­
биғатын толық ашуға мүмкіндік береді.

    Ғылыми мәтінде ойлау стилі дискретті-логикалық және
қис­ ындылық-біліктілікті көрсете отырып, білімді ғылыми
еңбектің негізінде қажетті танымдық пайымдау ретінде жүзеге
асырады. Ғылыми мәтінде жаңадан жаңа тудырып отыру мін­
деті тұрады, бірақ оның өзі логикалық жағынан аяқталмаған­
дықтан, кейде өзінің жалғасын күтеді. Ғалымның жеке стильдік
ерекшеліктерін құрау алдын ала келісіп алынған жағдайда
өтеді. Ғылыми стильде жеке ғалым дискретті-логикалық немесе
психологиялық-логикалық ойлау стилі ғылыми мәтіндегі барлық
әдіс-тәсілдерді түгел пайдаланады. Автор өзінің дара стилінде,
ғылыми дискретті логикалық стилінде құрылымдық талдауға
көп көңіл бөледі, терминдердің саралануына маңыз бере оты-
рып, шындықтың, болмыстың бейнелену нәтижесі іспетті тер­
миндерді қалыптастырады, белгілі категорияларға бөлу тәртібін
өте анық құрастырады, тілдің логика-семантикалық жағына
көңіл бөле отырып, кесте-таблица, диаграммаларды дұрыс құ­
руды басшылыққа алады.

           65

⇐ МАЗМҰНЫ
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70