Page 66 - index
P. 66

Автор психологиялық-танымдық ойлау стилі арқылы ғылыми
мәтінді нақты жүйелілік сипатынан ажыратады, әрқайсысы жеке
қарым-қатынасқа түсіп, кейбір терминдер концептуалды мета-
фора құруға икемділік танытады [15, 62].

    Қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми-көпшілік шығармалар ХІХ
ғасырдың ІІ жартысында баспасөз беттері мен жеке кітаптарда
жариялана бастады. Зерттеуші Б. Әбілқасымов мұндай әдебиеттің
тұңғыш үлгісі деп Н. И. Ильминскийдің «Самоучитель рус-
ской грамоты для киргизов» деген кітабының соңында берілген
қазақша үлгілерді көрсетеді. Ол мәтіндер география, тарих, та­
биғаттану салаларынан мағлұмат береді. Бұл стиль үлгілерін
шағын мақалалар түрінде сол кезеңдегі қазақша мерзімді
баспасөз беттерінен де табамыз. Осы кезеңдегі медицина, мал
ауруы, шаруашылық мәселелеріне арналған жеке кітапшалар да
жанры жағынан ғылыми-көпшілік әдебиетке жатады.

    Бұл стильдің алдында хат танитындар арқылы қалың көп­
шілікке білім-ғылымның әр саласынан хабар беру және оны
сол кездегі жұрттың сауаттылығы, білім дәрежесімен санасып,
түсінікті, жеңіл, «жалпақ» тілмен білдіру мақсаты тұрды. Қазақ
тіліндегі алғашқы ғылыми-көпшілік әдебиеттің осы мақсаты
оның тілі мен стиліне ерекше әсер етті. Мұнда баяндаумен қатар,
түсіндіру сипаты кең орын алады. Түсініктеме мәтіннің өз ішінде
түпнұсқада болуы мүмкін, сонымен бірге, кейбір зат, ұғым,
құбылыстардың не мәнін ашып, не қазақша баламасын келтіріп
түсіндіру де кездеседі.

    Жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет үлгілерінің бірқатары
орыс графикасымен жарияланды, олар: «1897 жылға қазақ үшін
шығарылған календарь» (158 бет), Қазан университеті баспа-
сынан шыққан медицина тақырыбындағы «Трахома деген жа-
ман көз ауру» (1898), «Егіншінің қызмет аты жайында» (Орын-
бор, 1899) сияқты кітапшалар. Бұлар орыс жазуын қазақ тілінің
фонетикалық жүйесіне мүмкіндігінше сәйкестендіріп қолдану
принципін ұстады.

    Қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік әдебиет өзінің қалыптаса
бастаған кезінен-ақ өзге жазба стильдерге қарағанда (публици-
стика, ресми-қатынас, эпистолярлық стильге) бірден «қазақы»

           66

⇐ МАЗМҰНЫ
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71