Page 67 - index
P. 67

сипат ала дамыды деуге болады, яғни оның лексика-грам­
матикалық құрылысы қазақ тіліне негізделді. Бұл стильдегі
үлгілер қазақ түсінігіне бейтаныс ғылым-білім ұғымдарын атау­
да көбінесе қазақ сөздеріне жүгінді немесе оны қазақы таным-
мен түсіндіруге тырысты.

    2.3.2 Ғылыми стильдің жанрлары мен құрылымдық
ерек­шеліктері. Ғылыми мәтіндерді әртүрлі белгілері бойын-
ша жіктеуге болады. Солардың ішінде басымдық танытатын үш
негізгі белгі мыналар: 1) шығарманың көлемі; 2) мәтіндегі ба-
яндау типтері; 3) мәтіннің кімге арналғандығы (адресат сипаты)
[36,49]. Сондай-ақ, ғылыми стильді жазылу мақсатына қарай
да екі түрге бөлуге болады: 1) белгілі бір ғылым саласындағы
мамандарға арнап мамандар жазған таза ғылыми зерттеулер:
ғылыми мақалалар мен баяндамалар, баяндама тезистері, мо-
нографиялар, авторефераттар және т.б.; 2) ғылымның әртүрлі
салаларындағы жетістіктермен маман емес адамдарды таны-
стыратын ғылыми-көпшілік шығармалар. Бұл жөнінде акад.
Р.Сыздық былай дейді: «... ғылыми әдебиет те таза ғылыми,
яғни белгілі бір ғылым саласының мамандарына арналған және
ғылыми-көпшілік, яғни қалың оқырман қауымына ұсынылған бо-
лып ажыратылады. Алдыңғысында ғылыми терминдер, олардың
ішінде көпшілікке түсініксіздері молынан қолданылатын бол-
са, ғылыми-көпшілік қолды әдебиетте жалпыға түсініксіздеу
терминдер суреттеме жолымен (тіркестермен) түсіндіріліп
беріледі...» [37, 175].

    Ғалым С.Әлісжанов жанр туралы айтылған коммуникативтік-
прагматикалық аспектілерді жинақтап, ғылыми тұжырымдарды
талдай келе, жанрдың мынадай белгілерін көрсетеді:

    а) жанр сөйленісті ұйымдастыру барысында нақты өмір
сүретін прагматикалық категория;

    ә) жанр функционалдық стильмен тығыз байланысты, өйткені
жанрлық парадигмалар стильдік байланыста болып келеді және
стильдік белгілерді сол прагматикалық белгілердің негізінде са-
ралайды;

    б) жанрлық түрлер тарихи сипатта, ол түрлі уақыт кесін­
ділерінде қолдану дәстүрінің кеңейе түсуі арқылы қалыптасады,

           67

⇐ МАЗМҰНЫ
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72