Page 68 - index
P. 68

орнығып жүйеленеді; белгілі бір функционалдық стиль аясын-
да жанрлық түрді таңдау үш түрлі фактор арқылы жүзеге аса-
ды: сөйлеуші интенциясы, мазмұнның тілдік-логикалық қатыс­
тылығы, мазмұнның композициялық құрылымы (рәсімделуі)
т.т. [36, 47].

    Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады.
Олар: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау,
ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің
құрылысының сыртқы элементтері, кіріспе, негізгі бөлім, әр
бөлімнің түйіндемелері, қорытынды сияқты белгілі жүйелілік
сатыдан тұрады. Олар ғылымның саласына қарай жанрларға
бөлінеді: заң, математика, химия, медицина, физика, тіл білімі,
әдебиет және т.б. Осыған орай стильдің лексикалық, кейде тіпті
басқа да тілдік ерекшеліктері (грамматикалық, функциялық)
пайда болады. Сонымен қоса сөйлеу түріне жанр да біршама
әсер етеді.

    Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары да болады. Ірі
жанрларына жеке автордың және ұжымдық ғылыми еңбектер
жатады: диссертация, энциклопедия, сөздік, оқулық, оқу құралы.
Ғылыми стильдің шағын жанрларына мақала, реферат, тезис, ре-
цензия, т.б. жатады.

    Ғылыми еңбектердің мазмұндық, ақпараттық, деректемелік,
эпистемиялық формасын беретін жанрлық түрлері де аз
емес. Ғалым Д.Әлкебаева олардың қатарына төмендегілерді
жатқызады:

    – академиялық еңбек, жеке ғылыми еңбектер, монография,
мақала, диссертация, тезис, хабарлама, реферативтік-реферат,
шолу, түйіндеме;

    – анықтама-энциклопедия, энциклопедиялық сөздік, анық­
тама сөздіктер;

    – ғылыми-бағалағыштық рецензия, пікір, эксперт қоры­
тындылары;

    – полемикалық сөз дискуссиялары, ғылыми оқулық, оқу
құралы, оқулық, лекциялар жинағы;

    – ғылыми-әдістемелік құралдар, оқу жоспарлары, ғылыми-
іскери-авторлық куәлік, жарнамалық, патент;

           68

⇐ МАЗМҰНЫ
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73