Page 69 - index
P. 69

– өзегі;
    – шеткі;
    – шекаралық.
    Ғылыми стильдің барлық жанрларының негізгі өзегі мен шет­
кі аймақтарында стилистикалық категория мен стилистикалық
норма өзара белгілі прагматикалық қызметімен көрінеді [15, 60].
    Ғылыми стильдің негізгі өзегіне жататын монографиядан
бастап, оның қарапайым үлгісі рефератқа дейінгі аралықта
ғылыми стильдің стилистикалық тапсырмасы стандарттық
тілдік бірліктері арқылы жүзеге асады, бұл ғылыми стильдің
стилистикалық нормасын қамтамасыз етеді.
    Монография – белгілі бір мәселе, жеке тақырып бойынша
жазылған ғылыми еңбек. Монографиялық жанр коммуникативтік
жағынан болсын, құрылымдық жағынан болсын ғылыми тілдің
ең бір күрделі жанры болып табылады.
    Монография ғылыми ойдың көп аспектілі мазмұнын құ­
райды, күрделі композициялық құрылымды, теориялық және
эмприкалық мазмұнының жаңашылдығын меңгертеді.
    Р. С. Аликаев мұны монографиялық макромәтіннің маз­
мұндық, құрылымдық күрделілігіне байланысты деп санайды.
Зерттеушінің айтуынша, монографиялық макромәтін тақырып
жағынан біріккен көптеген микромәтіндердің жиынтығынан
тұрады, макромәтіндер өз кезегінде гипертемаларды бөлудің
негізінде шығатын шағын темалардан құралады. Автор моно­
графиялық жанрдың мынадай белгілерін көрсетеді:
    – монографияның тақырыбы пәндік ғылымның өзекті мә­
селесін қарастыруды көрсетеді;
    – мазмұндық күрделілігі жағынан сөйлесімнің иллокутивті
күші бір ғылыми саланың (пәннің) дамуына едәуір үлес қосады;
    – құрылымы жағынан монография кіріспеден, зерттеудің
негізгі тұжырымдарынан, тақырыпқа қатысы бар барлық мә­
селелер бірізділікпен қарастырырылатын бірнеше тараулардан
немесе бөлімдерден, зерттеудің қол жеткізген нәтижелерін баян-
дайтын қорытындыдан тұрады [38,57].
    Диссертация – ғылыми дәреже алу үшін диссертант көпші­
лік алдында қорғайтын ғылыми еңбек. Монографияға диссер-

           69

⇐ МАЗМҰНЫ
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74