Page 70 - index
P. 70

тация типологиялық жағынан ұқсас келеді. Сонымен бірге бұл
екеуінің арасында айырмашылықтары да кездеседі. Диссертация
монографияға қарағанда неғұрлым қатаң формадағы макромәтін
ретінде көрінеді. Егер монография көптеген бағдарды (хабар-
лау, сендіру, дәлелдеу, суреттеу, жинақтау, саралау, топтасты-
ру, т.т.) есепке алып құрылса, диссертацияда солардың бәрі бір
арнаға түсіріліп, мына сұлбада өрбиді: «Мәселенің ақиқаттығын
дәлелдеу», «автор көзқарасының шүбәсіздігіне оқырманның
көзін жеткізу». Әрине, көрсетілген бағдарлар диссертацияның
монографиямен, сондай-ақ ғылыми мақалалармен ажырамас
байланыста екенін жоққа шығара алмайды, небәрі диссертация
жанрының кейбір ерекшеліктерін көрсетеді [36, 56].

    Ғылыми тілдің ең бір дамыған және еркін жанры – ғылыми
мақала. Оның еркіндік сипаты онда қамтылатын материал
маз­мұнының құрылымынан, мәтіннің логикалық ұйымдасу,
коммуникативтік мүшеленуі тәртібінен, тақырыпты таңдаудан
көрінеді. Осы орайда сөйлеу субъектісі қатаң формаға сүйенбейді,
айталық диссертацияның құрылымынан орын алатын ресмилік
оларда сақтала бермейді. Мұндай ерекшеліктер ғылыми мақа­
лаларды түрлерге топтастыруда да көптеген көзқарастардың бо-
луына әкеледі. Е. С. Троянская мақаланың жеті түрін көрсетеді:
деректерді ықшам баяндау; ғылыми нәтижелерді кең баяндау;
ғылыми-әдістемелік мақала; тарихи-ғылыми мақала; теориялық
мақала; пікірталастық мақала; жарнамалық мақалалар [39].

    Ю. А. Васильев мақала мазмұнының теориялық, практикалық
және ақпараттық бағдарын ескере отырып, оларды негізінен мы-
надай түрлерге бөледі: теориялық, әдістемелік және техникал­­ ық
мақалалар [40]. Келесі бір автор Р. С. Аликаев ғылыми мақ­ а­
лалардың аталған барлық түрлерін екіге бөліп қарайды: ақп­ а­
раттық мақалалар және концептуалдық мақалалар [38].

    Пікір ғылыми еңбектің мазмұнын қысқаша жүйелейді, зерт­
теудің негізгі проблемасына баса көңіл аударады, автордың мақ­
саты мен міндетін қайта қарайды, таза ғылыми стилистикалық
норма қолданылады. Адресат (қабылдаушы) ғылыми рецензияда
ерекше прагматикалық бағыт ұстайды, өзі пікір білдіріп отырған
ғылыми еңбекке стилистикалық бағалау категориясын береді.

           70

⇐ МАЗМҰНЫ
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75