Page 71 - index
P. 71

Қазақ тілінде оқу-ғылыми шағын стилі жақсы дамыған.
Ғылыми стильдің бұл түрінің негізгі жанрлары – оқулық, оқу
құралдары, оқу мақалалары. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байла-
нысты, өйткені прагматикалық мақсаттары ортақ. Олардың ба-
сты бағдарлары оқу процесінің немесе оқу коммуникациясының
мақсаты «үйретумен» (оқытумен) байланысты. Бұл жалпы мақсат
өз кезегінде көптеген шағын міндеттерді құрайды: ақпаратты
жеткізу мен бекіту, игеру, яғни рецепиентті оқу процесінің белгілі
бір әрекетіне тарту, қабылдауды неғұрлым жеңілдету [36, 57].

    Ғылыми стильдің жалпы ерекшелік белгісі ойлаудың абс­
трактілігі мен қатаң логикалылығынан туындайды; ол – маз­
мұндаудың дерексіз жинақтылығы мен ерекше логикалылығы.
Олар өз кезегінде одан да терең стильдік қырларын, сондай-ақ,
ғылыми стильдің сөйлеу жүйелілігінің ерекшелігін, осындағы
қолданылған тілдік бірліктердің мағыналары мен тілдік бояула-
рын және қолданылу жиілігін анықтайды. Мағыналық дәлдігі
(бір мағыналылық), бейнелі болмауы, эмоцияның көрінбеуі,
баяндаудың объективтілігі, оның біршама құрғақтығы мен
қатаңдығы және экспрессивтіліктің болмауы – ғылыми стиль-
дерге тән ерекше белгілер. Бұл белгілердің көріну дәрежесі
қатынастың жанры, тақырыбы, формасы мен жағдайына, автор­
лық даралық және басқа да факторларға байланысты болады.

    Оқу басылымының аты оқу пәнінің немесе оның бір тарауының
атауына сәйкес келуі тиіс. Оқу басылымдарын шығарманың
көлеміне, ақпараттың баяндалу типтері мен мәтіннің өрісіне
(адресат сипаты) қарай – оқу кітаптары, әдістемелік басылымдар
және оқу-әдістемелік құжаттамалар деп үш топқа бөлуге болады.

    Оқу басылымдарында белгілі көлемде арнайы іріктелген, оқу
бағдарламаларына сәйкес және тиісті саласындағы ғылымның
негізі мен практикалық әрекетін сипаттайтын мәліметтер беріледі.
Жоғары оқу орындарындағы оқу басылымдарындағы мәтіндерге
жалпы талаптар оқу процесінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес
анықталады. Оның негізгілері төмендегідей:

    1. Оқу басылымының көлемі, құрылымы мен мазмұны тө­
мендегі көрсетілген өлшемдерді қамтуға міндетті:

           71

⇐ МАЗМҰНЫ
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76