Page 72 - index
P. 72

– пәннің оқу бағдарламасы мен сабақтың қазіргі талаптары-
на, білім көлеміне сәйкес келуге;

    – оқу процесінің психология-педагогикалық ерекшеліктерін,
білімгерлердің дайындық деңгейін игеруге;

    – алдыңғы пәндерден алған білімдерін жалғастыруды, пәні­
шілік және пәнаралық байланыстарды қамтамасыз етуге.

    2. Оқу басылымдары білімгерге пәнді оқу бойынша өз бе­
тінше білім алуды ұсынуы тиіс:

    – оқу басылымындағы мәтіндер жеңіл түсінілуі тиіс;
    – пәннің мазмұны толық, сатылай және логикалы баяндалуы
тиіс;
    – оқу басылымдары мысалдарды, тапсырмаларды, бақылау
сұрақтарын, анықтамалық-іздеу аппаратын (көрсеткіштер, сөз­
діктер, анықтамалық мәліметтер, библиографиялық тізімдер,
т.б.) және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүм­
кіндігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
    Оқу кітаптарына көлемі 48 беттен асатын оқулық, оқу құралы,
лекция мәтіндері, оқу-әдістемелік құрал, жаттығулар (тапсырма-
лар) жинағы сияқты басылымдарды жатқызуға болады.
    Оқулық – оқу пәнінің жүйелі мазмұнын немесе оның тара-
уын, бөлімін қамтитын, оқу бағдарламасына сәйкес келетін
оқу-теориялық басылым. Оқулықта белгілі бір ғылыми ақпарат
негізінен, қарапайым тілмен баяндалады. Автор «ақпараттың
берілуін» тыңдаушылардың оны қалай қабылдайтынына, ал
«ақпараттың игерілуін» тыңдаушылардың оны қалай түсі­
нетініне қарап түзеді [36,58]. Жалпы оқулықта автордың сөйлеу
тақырыбына қатысты жеке субъективті көзқарасын білдіруге жол
берілмейді, алайда кейбір авторлар бұл талапты үнемі сақтай
бермейді.
    Оқу құралы – оқулықты кейбір жағдайда ауыстыратын неме-
се оны толықтыратын және басылымның осы түрі ретінде рес-
ми бекітілген оқу-теориялық басылым. Ол оқулыққа қосымша
ретінде де шығарылады да, оқу курсының бағдарламасына толық
немесе оның бір бөлігіне сәйкес келеді. Курс бойынша негізінен
жаңа материалдарды қамтып, оқу бағдарламасында берілген,

           72

⇐ МАЗМҰНЫ
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77