Page 73 - index
P. 73

оқулықта баяндалған білімді кеңіте, тереңдете түсуге және оны
меңгертуді жетілдіре түсуге бағытталған.

    Оқу-әдістемелік құрал – оқу пәні (оның бөлімі) бойынша
теориялық материалдарды да, өздігінен үйрену әдістемесі бо­
йынша материалдар мен практикалық меңгеруін де қамтитын
оқу басылымы.

    Лекция мәтіндері – оқу пәнінің (оның бөлімінің) мазмұнын
қамтитын немесе оқу бағдарламасының шегіндегі және белгілі
оқытушы оқитын материалдарды қамтитын оқу-теориялық ба-
сылым.

    Әдістемелік басылымға – пәннің белгілі бір тақырыбы,
бөлімі немесе сұрағы бойынша түсіндіруді қамтитын, көлемі
48 беттен аспайтын әдістемелік басылым жатады. Оларда же-
келеген тапсырмаларды орындау әдістемесі көрсетіліп, белгілі
бір жұмыстарды орындау барысындағы әрекеттердің сипаттары
түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда формулалар, кестелер, үлгі
есептер де келтіріледі. Әдістемелік басылымдар төмендегідей
бөлімдерден тұруы мүмкін:

    – пәнді оқыту немесе жұмысты орындау мақсаты;
    – пәнді оқыту немесе жұмысты орындау тәртібі;
    – тапсырмалар нұсқасы;
    – типтік есептер үлгілері;
    – бақылау сұрақтары;
    – есептің мазмұны (лабораториялық жұмыстар, оқу немесе
өндірістік практикалар, т.б. туралы);
    – әдебиеттер тізімі.
    Оқу-әдістемелік құжаттамаларға оқу бағдарламалары, оқу
жос­парлары, тапсырмалары кіреді. Бұл басылымдар көмек­
ші құрал сипатында болып, оқу процесін қамтамасыз ету
үшін қызмет етеді. Оқу бағдарламасы – белгілі бір пәннің
мазмұнын, көлемін, оқыту мен зерттеу тәртібін белгілейтін оқу-
бағдарламалық басылым.
    Жоғары оқу орындарындағы ғылыми басылымдарды тіл
орамдылығы жағынан зерделеу олардың қазақ ғылыми мәтін­
дерінің қалыптасуындағы орнын анықтай түседі. Тіл орамды­
лығы – сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстың айқын

           73

⇐ МАЗМҰНЫ
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78