Page 74 - index
P. 74

көрінуі, ғылыми ойдың композициялық қозғалысының мәтінде
нақты бейнеленуі [36, 278]. Сонымен бірге ол – ғылыми тіл
мәдениетін, ғылыми тілдің шынайылық дәрежесін толық таны-
татын мәтіндік сипаттағы санат.

    Ғылым – адамның парасатты қызметінің аясына енеді.
Ғылыми қарым-қатынас аясындағы адам әрекеті – менталды (ой-
лау) әрекет. Сондай әрекеттің жемісі ретінде негізгі тілдік өнім
– мәтін пайда болады. Әрине, мәтін – адамның ойлау әрекеті
мен тіл қызметінің бірлігі арқасында іске асады. Ғылыми мәтін
– зерттеу нысаны сипатталған және ой операциялары жүйелі ба-
яндау тәсілдері арқылы көрініс тапқан, бір-бірімен логикалық
байланыстағы белгілі бір қорытындыларға жетелейтін баян-
дау. Қарым-қатынас аясы – ғылыми мәтіннің (тілдің) жасалуы­
на ықпал ететін қоғамдық сананың түрі, ойлау типі, таным
сабақтастығы тәрізді экстралингвистикалық факторлардың ба-
сын біріктіретін түпкі негіз.

    Ғылым саласындағы қарым-қатынастың өзіндік үлгілерін
анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың
жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным, т.б. факторлар ерекше
орын алады.

    Ғылыми зерттеулер белгілі бір үлгіде жазылады. Бұл ғылыми
стильдің барлық жанрларына тән, одан көп ауытқуға болмайды.

    Ғылыми стиль сыртқы элементтері қалыптасқан арнайы
тақы­рыптан тұрады. Онда ғылыми еңбектің жалпы мақсат-
мүддесін анықтайтын мәліметтік, жарнамалық көкейтесті не­
гізгі идеясын ашатын ғылыми ой-пікірдің негізі алынады.
Ғы­лыми стильдің құрылымдық элементтері болады. Олар – ата-
луы, яғни ғылыми еңбектің тақырыбы: мәліметтік, хабарлау,
ғылыми еңбектің негізгі тақырыбы (яғни, зерттелінген ғылыми
құбылыстың аты жарнамалық сипатта да кездеседі) алынады. Кез
келген ғылыми еңбектің тақырыптық атауы хабарлама түрінде
баяндалады. Мысалы, қазақ тіл ғылымы туралы «Етістіктің
грамматикалық категориялары» деген тақырып осы ғылыми
зерттеудің негізгі мазмұнын ашады, етістіктің грамматикалық
категориялары мәселесіне арналғанын бірден айқындап тұрады.
Ғылыми стильдің тақырыбының өзі-ақ зерттелгелі отырған сол

           74

⇐ МАЗМҰНЫ
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79