Page 75 - index
P. 75

ғылым саласының негізгі мазмұнының тақырыбын терминдік
атау арқылы береді. Етістіктің грамматикалық категориялары
қазақ тіл ғылымының зерттеу нысаны болғандықтан, өзіне тән
ерекшеліктермен грамматикалық категория ретінде танылып,
іштей құрамдық-құрылымдық, мағыналық тұрғыдан талданып,
таратылып айтылады.

    Ғылыми стильдің кіріспе бөлімінде ғылыми зерттеудің тари-
хын, жазылу себептерін, жаңалығын қысқаша баяндап береді.
Ғылыми стильдің негізгі тарауы зерттеу нысанымен тікелей
қарым-қатынасқа түседі. Тілдің лексикалық қабатының негізгі
ғылыми стиліне тән сөздік қоры пайдаланылады. Ғылыми стиль-
де жазылатын еңбек өзінің мағлұматтарын ғылыми тәжірибеден
алады. Ғылыми стильде жазылған шығарманың толық тілдік
құрылымға енуіне ойлаудың логикалық пен нысаналыққа, дәлдік
пен нақтылыққа, жүйелілікке құрылуына тікелей байланысты
болады. Ғылыми стильдің тарауларында зерттелінген құбылыс
пен заттың жан-жақты тарихи мәні ғылыми тұрғыдан сараланып,
толық мәлімет жинақталып, белгілі түйінмен тараудың негізгі
мазмұнын логикалық жағынан аяқтап беріп отырады.

    Ғылыми мәтіннің сыртқы элементтерінің бірі – қорытынды.
Қорытынды бөлімде зерттеудің толық сипатын жан-жақты
қорытындылап, зерттеудің негізгі мақсат-міндетінің нақты мәнін
қысқаша мазмұндайды.

    Ғылыми зерттеулердің жалпы мазмұны, оның әдіснамалық
және әдістемелік негіздері Г. Г. Гиздатовтың көрсетуі бойынша
шамамен төмендегідей интеллектуалды кезеңдерден тұрады:

    1. Алынған тақырыптың өзектілігін негіздеу;
    2. Зерттеудің мақсаты мен нақты міндеттерін қою;
    3. Зерттеудің мақсаты мен пәнін анықтау;
    4. Зерттеу жүргізудің әдісін (әдістемесін) таңдау;
    5. Зерттеу барысын сипаттау;
    6. Зерттеу нәтижелерін қорыту;
    7. Қорытындыларды тұжырымдау және алынған нәтижел­ ерд­ і
бағалау [41, 41].
    Ғылыми зерттеудің бұл жүйелілігі өз кезегінде тікелей ғы­

лыми шығарманың құрылысынан көрінеді. Әдетте әрбір ғыл­ ым­ и

шығарма мынадай бөлімдерді қамтиды:

           75

⇐ МАЗМҰНЫ
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80