Page 76 - index
P. 76

1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
    3. Қорытынды
    4. Библиография
    5. Қосымша
    Кіріспе шығарманың бастапқы бөлімі болып табылады да,
оқырманды негізгі мәтінді игеруге дайындайды. Кіріспеде мы-
надай мәселелер қаралуы тиіс: 1) алынған тақырыптың ғылым
мен практикалық әрекет үшін маңыздылығы мен өзектілігі;
2) ғылыми жұмыстың жаңалығы; 3) бұл мәселенің ғылымдағы
зерттелу дәрежесі, бұл жерде ғылымда аз зерттелген немесе тіпті
зерттелмеген даулы мәселелерді таңдап алуға тырысу керек;
4) зерттеу жұмысының әдісін (әдіснамасын) таңдау; 5) зерттеуд­ ің
мақсаты мен міндетін анықтау; 6) зерттеу жұмысының нысаны
мен пәнін анықтау.
    Ғылыми жұмыстың негізгі бөлімінде зерттеу, жүйелеу, тү­
сіндіру нәтижелерінде алынған мәліметтер қамтылады. Аталмыш
бөлім зерттеудің нақты тақырыбына қатысты баяндау жоспа-
рын қамтиды. Негізгі бөлімде жасалған ережелер дәлелдененді,
түсіндіріледі, мағынасы ашылады, расталады немесе теріске
шығарылады. Негізгі бөлім іштей тарауларға бөлінеді. Көбіне екі
тараудан, кейде үш тараудан тұрады. Сирек те болса төрт тарау да
кездеседі. Бірінші тарау теориялық сипатта болады да, онда зерт-
теу пәні анықталады, жұмыс арналып отырған мәселенің зертте-
лу тарихы қарастырылады, түрлі ғалымдар мен зерттеушілердің
пікірлері салыстырылады, келесі тарауларда шешілетін даулы
сұрақтар көрсетіледі. Ғылыми жұмыс анықтаудан мәлімдеуге,
одан дәлелдеуге қарай жүргізіледі. Бірінші тарауда факті
көрсетіліп, мәлімдеме беріледі. Кейінгі тарауларда автор өз көз­
қарасын нақты ғылыми фактілермен дәлелдейді.
    Қорытынды бөлімде ғылыми жұмыстың нәтижелері мен
жалпы тұжырымдар беріледі. Қамтылған мәселені шешуге бай-
ланысты ұсыныстар айтылуы да мүмкін. Қорытынды міндетті
түрде ғылыми жұмыстың мазмұнымен сәйкес келуі керек және
ол қысқа да ықшам тұжырымдамалардан тұруы тиіс.

           76

⇐ МАЗМҰНЫ
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81