Page 77 - index
P. 77

Ғылыми жұмысты жазу барысында сілтеме беру ережесі мен
дәйексөз беру этикасына ерекше мән беріледі. Дәйексөз беру
этикасы зерттеу барысында өз мәтінінде басқа ғалымдардың
пікірлерін пайдалану нормасын қарастырады. Әдетте, дәйексөз
берудің үш негізгі түрі кездеседі: а) басқа біреудің ойын өз
сөзімен беру; ә) төл сөз – автордың сөзі мен ойын бұлжытпай,
өзгертпей келтіру; б) төлеу сөз – біреудің сөзінің автор тарапы-
нан өзгертіліп берілуі.

    Жұмыстың пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен библио-
графиясы белгіленген тиісті тәртіппен беріледі. Пайдаланылған
әдебиеттер тізіміне автор сүйенген ғылыми еңбектер, ал биб­
лиографияға алынған тақырыпқа қатысты ғылыми еңбек­тердің
толық тізімі жатады. Толық библиографиялық әдебиеттер қатаң
түрде төмендегідей ақпараттар жиынтығын сақтайды:

    – Автордың тегі толық, аты мен әкесінің атының алғашқы
әріптері;

    – Мақала аты (кітап, монография);
    – Алынған кітап басылған қала мен баспаның аты;
    – Басылған жылы;
    – Томы (бөлімі, басылымы);
    – Кітаптың (мақаланың) беттері;
    – Әдебиет қай тілде қолданылса, сол тілдегі түпнұсқасында
беріледі.
    Мысалы:
    1. Сыздықова Р. Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана
тілі, 1993. – 320 бет.
    2. Жұбанова Н.Б. Қылмыстың алдын алудағы құқық тәрбиесі
// Правовое развитие Казахстана за десять лет государствен-
ной независимости. – Алматы: Академия МВД РК, 2001. Ч. 2.
– С.440-444.
    3. Ивакина Н. Н. Профессиональная речь юриста. – М.: БЕК,
1997. – С.333.
    Қосымша бөлімде кестелер мен схемалар, кейбір қосымша
мәліметтер мен түсініктер, түрлі сөздіктер (аударма, түсіндірме,
этимологиялық және т.б.) және кейбір жинақтарда авторлар тура-
лы деректер мен ақпараттар беріледі. Қосымша бөлімнің ғылыми

шығармалардың барлығында бірдей болуы міндетті емес.

           77

⇐ МАЗМҰНЫ
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82