Page 78 - index
P. 78

2.3.3 Ғылыми стильдің тілдік белгілері. Бүгінде ғылым
саласын қазақ тілінде өркендету – еліміздегі тіл саясатының ең
маңызды әрі түйінді тұсы болып отыр. Бұл қазақ тілінің ғылыми
аяда қолданылуы жаңа қарқын алып, жандана бастауына өз
ықпалын тигізді. Қоғамдық ғылымдар саласын айтпағанның
өзінде жаратылыстану, техникалық әдебиеттерді ана тілінде жазу
кең өріс алып отыр. Бұл олардың тілін лингвистикалық тұрғыдан
қарастыруға негіз болады.

    Ғылыми стильді зерттеушілер оның негізгі ерекшеліктері
ретінде нақтылық, дәлдік, реалдылық, бір мағыналық, объект­ ив­
тілік, жақсыз ғылыми баяндауыштық, бейнелілік пен эмоцио­
налдықтың болмауын, т.б. атап көрсетеді. Бұл ерекшеліктер
ғылыми ойлау сипатымен, оның логика-мағыналық негізімен
тығыз байланысты.

    Ғылыми стильдің лексикалық ерекшеліктері. Басқа функ­
ционалдық стильдер сияқты ғылыми тіл тілдің ортақ лексика-
сын қолданады, ортақ грамматикалық заңдылықтарға бағынады,
бірақ өзіне тән ерекшеліктері, өзіндік жүйесі мен құрылымы
бар. Бүгінгі күні ғылыми стиль ұлттық әдеби тілдің қалыптасып
тұрақтанған бір түрі болып табылады. Бұл стильде сөз тек өзінің
негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, об-
разды, эмоционалды-экспрессивті сөздер мұнда кездеспейді.

    Ғылыми стильдің лексикасын алып қарағанда, басқа функ­
ционалдық стильдің өзіне тән белгілерін салыстыру арқы­
лы оларға қатысты лексикалық нормалар межесін анықтау
қажеттігі туындайды. Лексика саласындағы тілдік нормаларды
зерттеушілер «үш салаға бөліп қарау керек» деген пікірді тілге
тиек етіп жүр. Оның ең бастысы жалпы жазба әдеби тілдік сөз
нормалары болып табылады, осы тұрғыдан келгенде ғылыми
мәтіндерде лексикалық норманың өзіндік дербестігін танытатын
стильдік ерекшелігімен өзгешеленетін стилистикалық нормала-
рын таңдап, толықтыру керек болады.

    Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданыл­ атын­
дығы, сөйлемнің анық, түсінікті болуы ғылыми жазбалардың
стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдің ортақ норма-
ларымен қатар ғылыми стильдің стилистикалық нормалары

           78

⇐ МАЗМҰНЫ
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83