Page 79 - index
P. 79

тұрақтанады. Стилистикалық норма ғылыми стильдің сти­лис­
тикалық категорияларынан түзіледі.

    Ғылыми стильге тән ең басты ерекшелік – ғылымның белгілі
бір саласына қатысты арнаулы терминдер мен атаулардың кең
қолданылуы. Мысалы: Істің мән-жайын әртүрлі әдістермен ше-
шуге болады. Сұрау мен түсініктемелер алу үшін әртүрлі адамдар
шақырылады, іс бойынша қажетті мәліметтер білетін адамдар
болуы тиіс. Олар құқық бұзушылар, жәбірленушілер, куәгерлер,
сарапшылар. Тергеудің субъектісі қажетті жағдайда сараптама
тағайындауға құқылы және ұйымдардан қажетті құжаттар алы-
нады.

    Медицина саласында халықаралық терминдер өте көп қол­
данылады: аллергия, аналгин, антибиотик, аспирин, бронхит,
гайморит, инсулин, диабет, пневмония және т.б.

    Ғылым алға басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның да-
муымен бірге жаңа ұғымдар да туып отырады. Оны белгілейтін
жаңа сөздер, неологизмдер, туады. Ғылымның белгілі бір са-
ласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің
өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде
алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Ғылыми стиль
неологизмдердің пайда болу, өмір сүру ортасы болып табылады.
Өйткені неологизмдердің көпшілігі осы стильде қалыптасады.
Соңғы кездері, тек заң ғылымында ғана көптеген жаңа сөздер
мен терминдер пайда болады. Мысалы: тәркілеу, құзірет, әлеует,
(потенциал), әкімшілік, алқа, тапсырыспен кісі өлтіру, айғақ, са-
рапшы, сараптау, кеден, т.б.

    Қазақтың ғылыми терминологиясы әлі даму, қалыптасу
үстінде болғандықтан, кейде бір сөздің бірнеше мағынада қол­
данылуы да кездесіп қалады. Мысалы: алдын алу – предупреж-
дения, профилактика; ақтау – оправдание, реабилитация; дәлел,
дәлелдеме, айғақ, уәж – доказательство, аргумент және т.б.

    Дерексіздік пен жинақылық әрбір ғылыми мәтіннің бойынан
табылады. Бұл, әсіресе, әрбір сөздің жалпы ұғымның немесе
абстрактілі заттың белгісі ретінде көрінуіне байланысты.

    Ғылыми стильдің жинақылығы мен дерексіздігі онда бейнелі
сөздердің қолданылу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Нақты

           79

⇐ МАЗМҰНЫ
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84