Page 80 - index
P. 80

ұғымдар мен құбылыстарды талдау ғылыми танымның құрамына
енеді. Сөздің бейнелілігі ұғымды жеткізуге көмектеседі. Бейне-
леу құралдарын қолдану автордың жеке қабілеті мен ғылым сала-
сына байланысты. Мысалы, бейнелі сөздер кейбір гуманитарлық
ғылымдар (әдебиеттану, тарих, философия) мен сипаттама жа-
ратылыстану ғылымдарында (геология, химия, география және
т.б.) нақты ғылымдарға қарағанда кең көлемде қолданылады.

    Бейнелеу құралдарының ішінде, әсіресе, салыстырулар
ғылыми стильде жиі байқалады, өйткені ол логикалық ойлау­
дың бір формасы ретінде көрінеді. Салыстыру сипатталатын
құбылысты түсіндіруде көп қолданылады, мұнда оның экспрес­
сивтік мақсатта жұмсалуы міндетті емес.

    Ғылыми стильдегі бейнелі сөздерді қолдану көркем әдебиетте
қолданудан олардың сирек ұшырасуы мен міндетті еместігінен
басқа да ерекшеліктерге ие: 1) бейнелі сөздер, әсіресе, метафора-
лар ғылыми сөйлеуде көпжақты емес, тек екіжақты сипатта ғана
қолданыла алады; 2) метафоралар ғылыми сөйлеуде контекстік
тар мағынада қолданылып, көркем сөйлеудегі жүйелі сипатқа
ие бола алмайды; 3) ғылыми сөйлеу мен көркем сөйлеудегі
бейнелі сөздердің функциялары әртүрлі болады [37,167]. Көркем
шығармаларда метафора – ортақ тақырып пен идеяға біріккен
образдардың жалпы жүйесіндегі аса маңызды элементтердің
бірі, ал ғылыми мәтіндердегі бейнелі сөздер қосалқы түсіндіру,
таратып айту, нақтылау сияқты қызметтерді ғана атқара алады.
Сондықтан да, жалпы сөйлеу жүйесіне қатысы жоқ, өзінше бей-
нелеу түрі болып табылады.

    Ғылыми стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолдан­ ыл­
майды, сөздердің дәл (деноттаттық) мағыналарын жұмсау үстем
болады, баяндау барысында синтаксистік нормалардың жал-
пы әдеби нормадағы варианттарына жол беріледі. Бұл стильде
ғылыми терминдердің, оның ішінде мамандық терминдерінің
қолданылуы ғылыми мәтіннің стильдік белгісі әрі стилистикалық
нормасы болып табылады.

    Ғылыми стильдің негізгі сөздік қоры – терминдер. Бір қо­
ғамның, бір мемлекеттің ғылыми стилін толық қалыптастыру
– ұлттық әдеби тілдің лингвистикалық белгілерінің көп қырлы

           80

⇐ МАЗМҰНЫ
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85