Page 81 - index
P. 81

құбылыс екенін танып, оның функционалдық қызметін толық
көрсету болып табылады.

    Ғылыми стильдің терминдік атауларымен қатар сөздік қо­
рында мағыналық ауысу баламасы табылған сөздер де кездесіп
отырады. Ғылыми стильдің кейбір түрлерінде, мысалы ғылыми-
публицистикалық стильде фразеологиялық, метафоралық сияқты
ойлау қызметінің әмбебап механизмдері арқылы танылатын
таным процесіне тікелей қатысты сөз оралымдары да кездесіп
қалады. Ғылыми стильде ауызекі сөйлеу тілі мен эмотивті тілдік
құралдар қатыспайды, бірақ оны мүлдем жоққа шығаруға бол-
майды, ғылыми-танымдық, ғылыми-көпшілік әдебиеттерде
эмотивті тәсілдер қатыса алады.

    Ғылыми стильдің негізгі тілдік бірлігі терминдер болғанмен,
деректі-дерексіз уәж атаулары да жиі қолданылады. Мысалы:
өлең, тармақ, бунақ, шумақ, дыбыс, әріп, флекция, категория,
көлем, мөлшер, үдеу, жылдамдық, т.б. деректі зат есімдер жа-
ратылыстану ғылымдарында көп кездеседі. Сын есім де жиі
қолданысқа түседі, себебі ғылыми негізге алынған зат пен
құбылыстың айрықша белгілері мен қасиеттерін анықтау үшін
стилистикалық бағалау категориясы ретінде жұмсалады.

    Ғылыми стильдің грамматикалық ерекшеліктері. Ғылыми
стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды, мор­
фологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік грамматикалық ва-
рианттары жұмсалады. Сөйлем құрылысы да тілдік норманың
қатаң тәртібін сақтайды. Ғылыми стильдің грамматикасының
жазылу мәнерінің екі түрі бар. Бірі – стильдік мәнері толық
қалыптасқан, екіншісі – ғылыми стильден ауытқушылығы ба-
сым келетін ғылыми шығармалар. Ғылыми стильдегі жазылған
шығармаларда лексикалық-құрылымдық компоненттері дайын
тілдік бірліктер кездеседі.

    Ғылыми стильде етістіктерді қолдануда өзіндік ерекшеліктер
байқалады. Көбінесе ғылыми мақалалар мен баяндамалар-
да етістік ырықсыз етіс формасында жұмсалады. Мысалы:
Олардың құқықтық реттелуін жетілдірудің жалпы бағыттары
көрсетіледі... Бұл жалпы процессуалдық шаралардың тек
өздеріне ғана тән заңды табиғаттарымен ерекшеленетіндігі

           81

⇐ МАЗМҰНЫ
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86