Page 82 - index
P. 82

пайымдалған... олардың қолданылу негіздері субъектілерімен
байланыстырылған. Бұдан кейін әкімшілік құқық бұзушылық
туралы хаттама оқылады және жарияланады.

    Жіктеу есімдігі І жақта көпше түрде қолданылады: біздің
ойым­ ызша, біздіңше, біздің есебіміз бойынша, біздің жорамалы-
мыз бойынша және т.б. Мысалы: Жалпы біз оқыған қылмыстық
істердің 43-інде ғана тінту жүргізілген. Біздің ойымызша,
мемлекетіміз жезөкшелікпен күреспесе де, сол жезөкшеліктің
нәтижесінде пайда тауып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ-
пен күрес жүргізуді арттыра түсуі керек.

    Ғылыми шығармалар ІІІ жақта жазылады. Мысалы: Заңда
көрсетілген суық қару түсінігінің анықтамасынан заттар мен
құрылғылар өзіне нақтылы қасиеттер мен белгілерді жинақтаған.
Құқық тәрбиесі тәрбие үрдісінің бір құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылады.

    Ғылыми еңбектерде бірдей қалыпта кездесетін хабарлайды,
зерттейді, баяндайды, сипаттайды, салыстырады, көрсетеді,
анықтайды, жүйелейді, топтайды, топтастырады, пайым-
дайды, түсіндіреді, тұжырымдайды, санайды, есептейді,
дәлелдейді, сөз етеді, салыстырып дәлелдейді, назар аударта-
ды, тұжырымдауға болады, т.б. сияқты дара, күрделі, құрама
етістіктердің барлық ғылым салаларына арналған еңбектер
тілінде жиі кездесуі, оның ғылыми ойды баяндауда, түсіндіруде,
дәлелдеуде, тұжырымдауда ең маңызды қызмет атқаратындығын
көрсетеді.

    Ғылыми стильде рай категориясы стильдік мәнде көп қол­
данылады. Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қим­ ыл­
дың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық
мәнін білдіріп, белгілі парадигматикалық тұлғалар жүйесінен
тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категория-
сы болып табылады. Белгілі қимыл іс-әрекеттің іске асу-аспауы,
көзқарасы, пікірі, бағасы, анықтығы, ақиқаттығы, шарттылығы
рай категориясы арқылы жүзеге асады. Ғылыми стильде ашық рай
– қимыл, іс-әрекет үш шақтың бірінде болу-болмауын білдіретін
рай түрі. Ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі мынада:
іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты өту-өтпеуі шақпен

           82

⇐ МАЗМҰНЫ
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87