Page 83 - index
P. 83

байланысты өтеді. Ашық рай шақ категориясымен бірлікте
болғандықтан, ғылыми стильдегі құбылыс пен заттың толық
жүзеге асуына негіз болып, оның ақиқат шындығын көрсету
үшін жұмсалынады. Ғылыми стильде шартты рай тұлғасы жиі
байқалады.

    Ғылыми еңбектерде, монографияларда авторлар ойларын
жүйелі баяндауда, тұжырымдарын жеткізуде, ғылыми қоры­
тындылар жасауда қалыпты тілдік бірліктерді (шылаулар,
қыс­тырма сөздер) қолданады. Әрине, бұл тілдік бірліктердің
қолданылу жиілігі әр автордың жазу стилінің ерекшелігіне де
байланысты болып келеді. Ғылыми еңбектердің барлығында
қыстырма сөздер қолданылады. Бұл сөз тіркестерінің жиі
қолданылуы автордың стиліне байланысты. Мысалы, біздіңше,
біздің пікірімізше, біздің айтуымызша, автордың пайымда-
уынша, басқаша айтқанда, сайып келгенде, соңғы айтатын
мәселе, шын мәнінде, мұның себебі, солай десек те, оған қоса,
соған қарамастан, түйіндеп айтар болсақ, бұл пікірге сүйінсек,
ғылыми тұжырымдарға қарағанда, түптеп келгенде, өкініштісі,
анығында, өкінішке орай, олай болса, олай дейтініміз, ең негізгісі,
байқап қарасақ, жоғарыда тоқталып өткендей, осыған орай,
осы орайда, шын мәнінде, қысқаша айтқанда, міне, бір сөзбен
айтқанда, ең ақырында, бәлкім, демек, енді шолу жасасақ, мы-
салы, мәселен, т.б.

    Автор өз ойын басқа авторлардың пікірлерімен салыстыра
отырып дәлелдеу барысында түрлі қарсылықты жалғаулықтарды
да жиі қолданады.

    Ғылыми шығарма синтаксисі логикалық жүйелілігі, ойды
дәлелмен баяндаумен ерекшеленеді. Синтаксистік байла-
ныс логикалық байланыстан туындайды. Сондықтан ғылыми
еңбек­тердің синтаксисінде ойды байланыстыру, жүйелі баян­
дау үшін сөйлем мен сөйлемді мағыналық, логикалық бай-
ланыстырушы синтаксистік құралдар, шылаулар, қыстырма
сөздер мен сөйлемдер, етістіктер маңызды қызмет атқарады,
ал еңбектердің тақырыбы, тарау, бөлім, тыңдаушылардың ата­
луында номинативті сөйлемдер де қолданылады. Қазіргі ғылым
тілі даму барысында күрделене түскенін байқау қиын емес.

           83

⇐ МАЗМҰНЫ
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88